«Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері» дәрі-дәрмек айналым саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар
Білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін үнемі жетілдіру тұжырымдамасы кафедраның басты мақсаты болып табылады.
Бітіруші түлек алған білім кешенін кез келген күрделіліктегі кәсіби міндеттерді шешуге және еңбек қызметін тиісті фармацевтикалық тәжірбиемен, ҚР заңнамасының қолданыстағы талаптарына сәйкес жүзеге асыруы тиіс.
Осыған байланысты, 7 қарашада ФІҰБ кафедрасы «Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері: дәрі-дәрмек айналым саласындағы әкімшілік және қылмыстық құқықбұзушылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді .
Іс шараға қатысты:
Бейсенбаев Қали Шамсудинұлы – Шымкент қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры;
Карбеков Бауыржан Қанатұлы – Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса
маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция
майоры;
Лязят Рсымбекқызы Қашкымбаева – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министирлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департамент басшысы;
Аудекова Т.Р. - "Зерде-Фарма" ЖШС директорының персоналды оқыту жөніндегі орынбасары;
Альжанова Х.Д. - «Даму» ОҚО-ның фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығы директоры;
Кабиштаев О.А. – ОҚМА АҚ әкімшілік және құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы;
Пернебаев Н.А. -– ОҚМА АҚ комплаенс офицері;
Сәлім Е.Қ. - ОҚМА АҚ әлеуметтік мәселелер
және жастар саясаты басқармасының басшысы
Тоқсанбаева Ж.С. - ББК төрайымы қатысты.
Бейсенбаев Қали Шамсудинұлы «Синтетикалық есірткілер. Дизайнерлік есірткі» тақырыбындағы синтетикалық есірткілер, жасанды химиялық заттар туралы баяндады . Бұл заттар көбінесе дәстүрлі есірткіге балама ретінде сатылады, олар өте қауіпті жәнеболжап болмайтын әсерге ие, физиологиялық және психологиялық тәуелділікті тудырады және психикаға зиян екендігін айтып шықты.
Карбеков Бауыржан Қанатұлы – Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса
маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция
майоры : «Салауатты өмір сүру дегеніміз не дейтін болсақ, ол әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, зиянды нәрселерден аулақ болу.
Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда етек алған, заманымыздың кеселді дерттерідің бірі нашақорлық туралы баяндадады. Дөңгелек үстел тақырыбында нашақорлық мәселесі көтерілді . Білім алушылардың назарларыңа бейнефильм ұсынылды .
Лязят Рсымбекқызы Қашкымбаева – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министирлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша Департамент басшысы Шымкент қаласы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің 2023 жылғы 10 айдағы қызметі туралы есебінде ДЗ және БМ айналысы саласында неғұрлым жиі жол берілетін құқық бұзушылықтарды ашып көрсетті.
Шымкент қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасымен және Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жасаған бейнероликтер қатысушыларға үлкен әсер етті, онда есірткі қолданумен, сондай-ақ олардың таралуының құқықтық салдарымен байланысты проблемаларды бастан кешкен адасқан адамдардың тағдырлары таныстырылды.
Сонымен қатар, қозғалған тақырыптың құқықтық аспектілері мәселесі жан-жақты талқыланды. Білім алушыларға есірткі мен психотроптық заттарды заңсыз пайдаланғаны, сақтағаны және таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы түсініктемелер берілді. Шара соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әр сұраққа жан-жақты жауап берілді.
Фармацевтикалық қызметтегі құқық бұзушылықтардың қаралған мәселелері өзекті болып табылады және одан әрі ФІҰБ кафедрасында "Фармацевтикалық қызметтердің құқықтық негіздері мен іс қағаз жүргізу» " пәні бойынша пайдаланылатын болады.