Тәуелсіздік таңы-мәңгілік!

23.12.2021ж. күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы Медицина колледжінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы орта арнаулы оқу орындары арасында өтетін «Тәуелсіздік таңы-мәңгілік!» атты пікірсайыс турнирінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның ашылуында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясты басқармасының басшысы Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы, Медицина колледжінің директор орынбасары Тәжиева Меруерт Аюбековна және Шымкент қаласы Әдістемелік орталығының техникалық кәсіптік білім беру орталығының басшысы Исайра Эльмира Нүриденбетқызы құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараға қаламыздың 10-ға жуық колледж командалары қатысты. Ашылу салтанатын тамашалап болған сайысқа қатысушылар ОҚМА №2 ғимаратында турнирдің келесі кезеңін бастап жіберді.

28.12.2021, 21:29
501 қаралым