ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ "СТОМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЖАҚ-БЕТ ХИРУРГИЯСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ" V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНГРЕСІ
2022 жылғы 3-4 маусымда Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының, Өзбекстанның қоғамдық денсаулық сақтау министрлігінің және Ташкент қаласының ақпараттық ұйымдарының қолдауымен «Стоматология мен жақ-бет хирургиясының өзекті мәселелері» атты V Халықаралық ғылыми Конгресс өтті.
Конгресс таяу болашақтағы негізгі міндеттерді анықтауға және Қазақстанның денсаулық сақтау қоғамы үшін маңызды бағыттардың бірі болып табылатын әлеуметтік аурулар саласындағы басымдықтарды салыстыруға мүмкіндік берді.
Конгреске «ОҚМА» АҚ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасының атынан Сарсенбаева Гульзат Жанабаевна (м.ғ.к., кафедра меңгерушісі) және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша 1-ші оқу жылының докторанты Асылбек Мейіргүл Исраилқызы (ғылыми жетекшісі – Анартаева М. У., м.ғ.д., кафедра профессоры) қатысты.
Сондай-ақ Конгреске «ОҚМА» АҚ «Хирургиялық және ортопедиялық стоматология» кафедрасының атынан Шукпаров Асылбек Баядилович (м.ғ.к., кафедра меңгерушісі) және Ширынбек Ильяс (резидент, кафедра ассистенті) қатысты.
Пленарлық отырыста 1-ші оқу жылының докторанты Асылбек Мейіргүл «Бет невритін қалпына келтіру терапиясының тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, сертификат табыстай отырып, жоғары деңгейде бағаланды.
Пленарлық баяндамаларға Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Қырғыз Республикасынан түрлі салалардағы жетекші мамандар қатысты.
Конгресс жұмысы аяқталғаннан кейін қазылар алқасы конкурс нәтижелерін ұсынды. Ташкент мемлекеттік стоматологиялық институтының ректоры, конгресс төрағасы Хайдаров Надир Кәдірұлы барлық қатысушыларды құттықтап, ғылыми жұмыстарына табыс тіледі.