ТАШКЕНТ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН «БОЛАШАҚ ФАРМАЦЕВТ - 2022» БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

2022 жылдың 21 қараша күні Ташкент Фармацевтикалық институтында Zoom платформасында Ташкент фармацевтикалық институтының 85 жылдығына орай «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс білім алушылары арасында «Фармакогнозия» пәнінен І Халықаралық пәндік олимпиада өтті.

Ташкент фармацевтикалық институты ұйымдастырған І Халықаралық олимпиадаға фармакогнозиядан Ресей, Азербайжан, Өзбекістан және Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарынан 20-ға жуық студенттер қатысты.

І халықаралық олимпиадаға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі, қауым. профессор Орынбасарова К.К., фармакогнозия кафедрасының аға оқытушысы Ибрагимова З.Е. жетекшілігімен «Фармация» факультетінің 4 курс В-ФО-04-19 тобының студенті Рахманова Дилноза Махмудовна және В-ФКБ-01-19 тобының студенті Алибекова Адина Нурсултановна қатысты.
Қатысушыларды бағалайтын шетелдің сарапшыларынан, профессорларынан және оқытушыларынан құрылған қазылар алқасы құрылды. Халықаралық олимпиада тест тапсырмаларынан және ситуациялық есептерден тұратын 2 этаптан өтті.

Олимпиаданың этаптары дәстүрлі емес жолмен ұйымдастырылған және шығармашылыққа көп көңіл аударған. Берілген сұрақтар тек фармакогнозия пәнінің теориялық білімін ғана емесе, сонымен қатар білім алушының логикалық ойлау қабілетін және ситуациялық есептерге шешім шығару жолдарын іздестіруді талап етеді. Олимпиада барысында қатысушыларға дәрілік өсімдік шикізатының гербарий үлгісі бойынша, дәрілік өсімдік шикізатының анатомо-морфологиялық белгілері және құрамындағы биологиялық белсенді заты бойынша анықтауға арналған сұрақтар қойылды.

Олимпиада нәтижелері бойынша қатысушы 20 студенттердің ішінен Рахманова Дилноза Махмудовна, Алибекова Адина Нурсултановна 3 орынға иеленді. Біздің студенттер практикалық дағдыларға қажет теориялық білімдерін өте жоғары деңгейді және жеңіске жігерленген еріктерін көрсетті. Біз студенттеріміздің жеке кәсіби жеңістердің кепілі және жалпы білім деңгейін арттыру ретінде білімге және кәсіби құзыреттілікті арттыруға деген ұмтылысын құптаймыз!

Білім алушыларымызды олимпиадада табысты нәтиже көрсетулерімен құттықтаймыз, оқу және ғылыми-зерттеу жұмысында одан әрі жеңістер мен табыстар тілейміз!

01.12.2022, 14:16
516 қаралым