ТАРИХИ ТҰЛҒАҒА ТАҒЗЫМ

Сәуір айының 18-ы күні А. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл толуына орай "Тарихи тұлғаға тағзым" атты тарихи кеш ұйымдастырылды. Мақсаты: Өскелең ұрпаққа Сұлтанбек Қожановтың өмір жолы мен қызметін насихаттау.
Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов – саяси және мемлекет қайраткері, Қазақстанның дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым, редактор. Оның есімі біздер үшін ерекше маңызды және барлық қазақстандықтардың мақтанышы деуге болады, ал оның өмірі мен қызметі келер ұрпақ үшін Отанға қызмет етудің үздік үлгісі ретінде тарихи-танымдық кештің негізгі тақырыбына айналды.
Аталған іс-шараға ОҚМА студенттері, "Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер" кафедрасының оқытушылары - ф.ғ.к. О. Туребаев және А. Қабыл қатысты. Сөз алған жоғары оқу орындарының ұстаздары, музей мекемелерінің басшыларымен қатар кафедраның аға оқытушысы Қабыл Алғабек Әділбекұлы қайраткер тұлға туралы архив деректері негізінде тың мәліметтер туралы баяндады.
Іс-шара соңында О. Туребаев және А. Қабылға кітапхана басшылығы тарапынан"Алғыс хаттар" табыс етілді.

25.04.2024, 11:06
238 қаралым