ТАРИХТАН ТАҒЛЫМ!

16.05.2023ж күні «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледж білім алушыларға «Тарихтан тағылым!» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы аясында кездесу өтті. Кездесуге тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Айтай Бахадүр, модератор Темірхан Асылхан, жастар саясаты бөлім қызметкерлері мен студенттері қатысты.
Кездесу мақсаты жастарды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жерін, ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға дұрыс бағыт бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету.

Кездесу барысында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Айтай Бахадүр студент жастарға білім, ана тіліне құрмет, ер тарихы мен көрнекті қайраткерлердің танымдық қызығушылығын арттыру, Отан сүйгіштікке баулу, тұлғалық деңгейлерін жан жақты дамыту мақсатында әңгіме жүргізді. Студент жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып қайтты.

17.05.2023, 10:27
371 қаралым