«Тәуелсіздік тірегі – Мәнгілік Ел» атты студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2016 жылдың 30 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына, Тұңғыш Президент күні және Желтоқсан оқиғасына орай әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік тірегі - Мәнгілік Ел» атты студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

878 1

Конференцияның мақсаты:  еліміздің 25 жылдағы жетістіктерін қорытындылау,  Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің  қалыптасуы мен нығаюы жолындағы рөлін зерделеу, Республикамыздың көпвекторлық саясатын жасау және іске асыру, "Мәңгілік Ел" ұлттық идеяны қалыптастыру, отандық гуманитарлық ғылымды  жаңғырту. 

878 2

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен заманауи Қазақстан тұрақты, дамыған мемлекет болды, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған дәйекті түрде белсенді, мақсатты саясат жүзеге асырылады. Елде бірлік, достық, ұлтаралық келісім  ахуалы жасалған. Оқытушылардың басшылығымен студенттердің баяндамалары мен презентациялары осы негізгі бағыттар бойынша дайындалған. 

878 3

Ғылыми-практикалық конференцияда студенттер арасында тақырыпқа сәйкес баяндамалар, мәнерлеп оқу және плакаттар байқаулары өткізілді. Конференцияға кафедра оқытушылары мен барлық мамандықтар бойынша кафедрада оқитын 1,2,3 курстың 40 студенті қатысты. Жүлделі орын алған студенттер Аралбай А - тобы 102 ЖМа тобы, Жанғозин Ә. – 204 ФКб тобы, Әсілбай Н. – 205 ЕІЖҚ тобы, Б. Бесбаев - 101 ЖМа тобы академия тарапынан мақтау қағаздарымен марапатталды. 

Конференцияны қорытындылай келе, кафедра меңгерушісінің орынбасары С.М.Тасқынбаева белсенді қатысқан студенттерге алғысын білдіріп, "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясын іске асыру аясында біздің әрқайсымыз Республикамыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз қажет екендігін атап өтті.

04.12.2016, 22:26
429 қаралым