«Тәуелсіздік ел тұғыры» атты факультетаралық интеллектуалды мақал -мәтелдер сайысы
2016 жылдың 2 қараша күні ОҚМФА-ның «Жас Отан» жастар қанаты ұйымы мен қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ел тұғыры» атты факультетаралық интеллектуалды мақал -мәтелдер сайысы өткізілді.
Сайысқа 1 курс медициналық және фармацевтикалық факультет студенттерінен құралған 5 команда қатысты:
1. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығынан «Мизам»;
2. Фармацевтикалық өндіріс технология мамандығынан «Достық»;
3. Фармация мамандығынан «Бірлік»;
4. Жалпы медицина мамандығынан «Жас қыран»;
5. Мейірбике ісі мамандығынан «Қазақстан»;
Сайысқа медицина факультетінің деканы Долтаева Бибігул Зайдуллақызы, академия жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы Қарсақбаев Мұхит Серікұлы ,шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Сайфутдинова Айгүл Сайдисламқызы, фармацевтикалық факультет әдіскері Дүйсебаева Гүлнар Нұрлыбайқызы, латын тілінің аға оқытушысы Қасымбекова Алмаш Нысанбекқызы қазылық етті. Байқау 4 кезең бойынша өткізілді.
1. Мақал-мәтелдер – халық даналығы (уақытқа айту). 1минут уақыт беріледі.
2. Мақал-мәтелдің мағынасын ашу.
3. Суретте жасырылған мақал мәтелді табу.
4. Топ басшылары ортаға шығып берілген тақырып бойынша мақал-мәтел айту керек.
Барлық топтар сайыста үлкен шеберліктері мен алғырлықтарын көрсете алды. Сайыс барысында қоғамдық денсаулық сақтау факультеті 102 тобының студенті Жақсылық Аяулым, жалпы медицина факультеті 102 тобының Әбдіқұлов Биғали ерекше көзге түсті.
Сайыс соңынан жеңімпаз топтарды медицина факультетінің деканы Долтаева Бибігул Зайдуллақызы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
І орын – «Жас қыран» , ІІ орын - «Мизам», ІІІ орын – «Бірлік» командасына берілді.