Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында еліміздің дамуы

1807

2018 жылдың 12 қаңтар күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында еліміздің дамуы» атты Жолдауы бойынша профессор-оқытушылар құрам арасында ауқымды жиналыс өткізілді. Аталған жиналысты оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор М.Ұ.Анартаева ашып беріп, жиын мақсатымен және баяндамашылармен таныстырды.

1808

Негізгі баяндамашы әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор м.а., ф.ғ.к. Қ.Кемелбеков болса, қосымша Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент М.Жанысбеков, алғашқы санитарлық-медициналық жәрдем-1 кафедрасының меңгерушісі,  м.ғ.к. Г.Досыбаева, Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының аға оқытушысы, доцент м.а., ф.ғ.к. А.Серікбаева, Президент стипендиясының иегері, белсенді және үздік студент Н.Жұмабаев  баяндама жасап,  Жолдау бойынша өз ойларын білдірді. Жиын барысында Жолдаудың негізгі міндеттерін атап өтіп, 7-ші «Адами капитал» міндетіне жеке тоқталып өтті.

1809

13.01.2018, 00:16
374 қаралым