Түлектердің кәсіби дайындығын бағалауға қойылатын жаңа талаптар

Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының ректоры, профессор М.М. Рысбековке 05.24.2021 жылы ОҚО «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының директоры Х.Д.Алжановадан келген №1-54 хат негізінде, 03.06.2021 жылы Фармация факультетінің деканаты жұмыс берушілермен ОҚМА құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының кездесуін ұйымдастырды. Кездесуде облыстық жұмыс берушілердің өтініштері бойынша облыстағы фармацевтикалық қауымдастықты қызықтыратын мәселелер бойынша түсіндірме әңгіме жүргізілді, атап айтқанда:

1. Фармация факультетінің түлектеріне сертификат беру алгоритмі;

2. Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы факультетінің грант бойынша оқыған түлектеріне қойылатын талаптар: қандай формада жұмыс істейді;

3. Фармацевтикалық профиль факультетіне түсуге ниет білдірушілерге арналған ақпарат.

Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласындағы өкілі А.Ж. Кенжеханова және Түркістан облысының өкілдері Абдрахмани А.М., Жорабек Р.О., Азимбаев Н.У.; ОҚО «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығының директоры Алжанова Х.Д.; «Зерде-Фарм» ЖШС дәрі-дәрмектерді бөлшек саудада сату жөніндегі директоры Аудекова Т.Р; Ахметова Ж., «Еврофарма» ЖШС кадрлар бөлімінің бастығы; «Мұрат-фарм» және «Атамирас» ЖШС кадрлар менеджері Юсупбаева Н., сондай-ақ ОҚМА басшылығы: Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, профессор, медицина ғылымдарының докторы Анартаева М.У., оқу-әдістемелік орталықтың жетекшісі, доцент, фарм.ғ.к. Ибрагимова А.Г., Фармация факультетінің деканы, PhD докторы Умурзахова Г.Ж., Офис-тіркеуші бөлімінің бастығы, доцент, фарм.ғ.к. Сыздыкова С.А., Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру деканы, PhD докторы Кемелбеков Қ.С., Фармация факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, доцент, фарм.ғ.к. Сапақбай М.М.

Проректор М.У. Анартаева кіріспе сөз сөйлеп: «Осы 2020-2021 оқу жылында бірінші рет медициналық білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің кәсіби дайындығын бағалау тапсырысына сәйкес өтетіні. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жыл 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 бұйрығы негізінде «Тәуелсіз сараптама ұлттық орталығы» базасында өтеді.»

1725 1

Фармацевтика қызметкерлерінің бірінші сұрағына фармация факультетінің деканы Г.Ж.Умурзахова жауап берді; екінші сұрақ интернатура және түлектердің жұмысқа орналасу деканы К.С. Кемелбековтің ақпаратында толық ашылды. Үшінші сұрақ бойынша офис-тіркеуші бөлімінің бастығы С.А. Сыздықова толық ақпарат берді.

1725 2

Оқу-әдістемелік орталығының басшысы А.Г. Ибрагимова жұмыс берушілердің көптеген қосымша сұрақтарына сауатты жауап берді. Өңірдің фармацевтикалық қоғамдастығын қызықтыратын мәселелер бойынша түсіндірме әңгіме жоғары кәсіби деңгейде ZOOM режимінде өтті.

1725 3

12.06.2021, 01:00
546 қаралым