Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша іссапар

«Микробиология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор м.а. Сейтханова Бибігүл Төлегенқызы 2019 жылдың 12-20 сәуіріне дейін Өзбекстан Республикасы, Бухара қаласындағы Абу Али ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық аясында «Медициналық білімнің қазіргі жағдайы, мәселелері және болашағы» атты екінші Халықаралық конференцияға қатысты және «Микробиология және фтизиатрия» кафедрасындағы студенттерге дәрістер мен тәжірибелік сабақ жүргізілді, кафедра профессор оқытушы құрамына Микробиология пәнін интерактивті әдістерді пайдалана отырып оқыту бойынша шеберлік кластары өткізілді, профессор оқытушы құрамымен бірлесіп студенттер үшін видео лекция, оқулық, монография дайындау, студенттерге «Микробиология» пәнінен практикалық сабағына қажетті смарт карта дайындау, оқытушылар үшін тәжірибелік сабақты жүргізуге нұсқаулықтар дайындау талқыланып жоспарды жүзеге асыру келісілді. Пән бойынша бірлескен оқу бағдарламасы жасалынды. Ғылыми бағытта бірлесе отырып ғылыми техникалық жоба бағытында жұмыс жүргізу, ғылыми мақалаларды жарыққа шығару жоспарланды. Институт ректоры А.Ш.Иноятов сыртқы академиялық ұтқырлық аясында жасалынған жұмысқа алғысын білдіріп, академия ректорының атына алғыс хат жолдады. 

1375 1

1375 2

1375 3

26.04.2019, 04:43
323 қаралым