Шымкент қаласы Дін істері басқармасының «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ теолог-мамандарымен кездесу
8.11.2023 жылы сағат 12.00-13.00 Шымкент қаласының Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»-ның маман-теологтар Бекеулов Серік Мадиханұлы және Айтаев Икрам Сатыбайұлымен «Азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын түсіндіру, Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде терроризмнің, нәсілдік және діни экстремизмнің таралуын тоқтату» тақырыбында кездесу өткізілді.
Мамандар студенттерге қазіргі уақытта терроризм мен экстремизм мәселесі қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі болып қала беретінін түсіндірді.
Қоғамда дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы жол берілмеуге тиіс.
Өзгерген тағдырлар, қираған отбасылар - бұл біздің қоғамда терең тамыр жайғысы келетін әлеуметтік аурулардың нәтижесі.
Қорытындылай келе, теологтар жас ұрпаққа өз елінің патриоты болуға, дәстүрлі ұлттық құндылықтарды бұзатын, жастардың санасына енетін теріс деструктивті діни қайшылықтардан аулақ болуға және төтеп беруге тиіс екенін атап өтті.
Теолог-мамандарға және белсенді қатысқан студенттер қауымына кафедра атынан алғыс айтылды.
Іс-шараны қорытындылай келе, кафедра ұжымы теолог мамандарға және белсенді қатысқан студенттерге алғысын білдірді.