Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" маманымен кездесу

26.02.2024 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының орыс тілі курсы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының" маманы Кутмамбетова Дариғүл Жұмағалиқызымен кездесу өткізді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында ұйымдастырылған кездесу барысында қоғамда ЖИТС пен АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуде ЖИТС және АИТВ-инфекциясының берілу көздері, алдын алу жолдары, онымен байланысты стереотиптер, АИТВ-позитивті мәртебесі бар немесе ЖИТС-пен ауыратын адамдарға қатысты кемсітушілік, жедел тестілеу мәселелері бойынша тексеру, сондай-ақ ерікті анонимді және құпия медициналық негізгі мәліметтер туралы, сонымен қатар, өскелең ұрпақтың моральдық-адамгершілік және жыныстық тәрбиесінің маңыздылығы туралы айтылды.
Қорытындылай келе, сала маманы Дариғүл Жұмағалиқызы сұрақтарға жауап бере отырып, студенттерге болашақта жақсы білікті маман болуға тілегін білдірді.

29.02.2024, 17:09
266 қаралым