«Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті, жемқорлыққа жол жоқ!» атты дөңгелек үстел

Сыбайлас жемқорлық қандай да болсын экономикалық және саяси дамуы үшін айтарлықтай мәселе болып табылады. 12.11.21ж. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық офисі жетекшісі - Қамбар Жани Сайдуллаұлының белсенді қатысуымен «Парасат» және «Заң» үйірмелерінің біріккен «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті, жемққорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Осы іс-шараның мақсаты-жастар арасында мемлекет пен қоғамның әлеуметтік құбылысы ретінде сыбайлас жемқорлықты қабылдауға бағытталған сыбайлас жемққорлыққа қарсы сананы және жалпы адамзаттың құндылықтарды бекіту негізіндегі азаматтық ұстаным мен жауапкершілікке тәрбиелеуді қалыптастыру болып табылады. Сұрақтар мен жауаптар түрінде интерактивті түрде өткен іс-шара барысында университеттерде жемқорлық көріністердің түбірімен байланысты әр түрлі сұрақтар талқыланды, біреулерінде жемқорлық жағдайлары келтірілген, ал кейбірлерінде болмаған көрсеткіштермен орын алған жағдайлар қарастырылды.

Студенттер осы мәселелер бойынша толық ақпараттар алды. Компьютерлік технологияны пайдалану студенттердің жемқорлық үшін заңдық жауапкершілігінің түсініктері мен түрлерін толық қабылдауы үшін мүмкіндіктер берді. Іс-шараның ұйымдастырушылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы дайындаған брошюралар таратты. Брошюраларда ҚР заңнамасына сыбайлас жемқорлықты ресми талқылау туралы ақпараттар, пара алу белгілері мен оны ұсыну немесе пара беру жағдайларының іс-әрекет алгоритмі көріністері болды.

Тәрбие бағытындағы іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілді. Іс-шараға жауаптылар: кафедра меңгерушісі, PhD докторы Ж.О. Нуржанбаева, доцент м.а., Г.С. Айдарбекова болды.

17.11.2021, 17:47
744 қаралым