Суицид, моральдік-этникалық, рухани адамгерлішік құндылықтары» тақырыбында кездесу
2023 жылдың 20 қаңтар күні ОҚМА кіші дәріс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Фармацевтикалық істі ұйымдастыру және басқару кафедрасы және Неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының ұйымдастыруымен «Суицид, моральдік-этникалық, рухани адамгерлішік құндылықтары» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге Неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының оқытушылары, Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының врач психиатры Одаман Меруерт Салимбаевна, врач психотерапевт Садыкова Лаура Айтжановна және ОҚМА жастар саясаты бөлім қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Аталған шараны жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы З.Керімбекова бастап, іс-шара мақсатын атап өтті.
Сөз кезегін алған кездесу қонағы врач психотерапевт Садыкова Лаура Айтжановна: суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады, сонымен қатар психикалық аурулармен, көңіл күй бұзылыстарымен, әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді. Басқалар үшiн жақсылықты аямаңыз. Біреу қиындыққа ұшырап қалса оған көмектесiп көрiңiз Барлығы бірден бола қоймайтыны жайлы айтты.
Ары қарай сөз кезегін алған Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығының врач психиатры Одаман Меруерт Салимбаевна, бүгінгі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – жастар арасындағы суицидтің кобеюі, жастардың бойындағы моральдік-этникалық, рухани құндылықтарының әлсіз болуынан осы қадамға баратыны жайлы тоқталып өтті. Осы ретте біздің орталық көмек сұрап келген жандарға психологиялық тұрғыда көмек көрсетілетінін айтты. Іс шараны студенттердің сұрақ жауабымен аяқталды.