«Студенттік ғылым – жетістіктері және даму болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференция

2022 жылғы 7 желтоқсан Ақтөбе қаласында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «Студенттік ғылым – жетістіктер мен даму болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференция өтті. Конференцияға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері, «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушілері онлайн форматта қатысып, дипломдар алды. Біздің студенттер келесі тақырыптар бойынша баяндама оқыды.
Бергалиева З.Н., Базарбаева А.Н., В-ЖМҚА-03-21 тобының 2 курс студенттері, «Жалпы медицина» мамандығы – «Covid-19 диагнозы бар науқас биоматериалдарының микробиологиялық пейзажы», номинация бойынша диплом – Үздік баяндама.
Сайни Сахил, ЖМША 07-21 тобының 2 курс студенті, «Жалпы медицина» мамандығы – «Туберкулездің дамуына әлеуметтік, экономикалық және жеке факторлардың өзара байланысы мен әсерін эмпирикалық талдау», 3 дәрежелі диплом.
Бекбау А.Д., 1 курс резиденті «Ересектер мен балаларға арналған аллергология және иммунология» мамандығы – «Үлкендер арасындағы бронх демікпесі», 1 дәрежелі диплом.

08.12.2022, 14:03
739 қаралым