Студенттік географиялық тур

2024 жылдың 14 сәуір күні ОҚМА басшылығының қолдауымен Түркістан облысының тарихи жерлеріне «Студенттік географиялық тур» ұйымдастырылды. Академиямыздың белсенді және үздік студенттерінен құралған топ Сайрам ауданында орналасқан Ыбырайым ата мен Қарашаш ана кесенесінен бастап облыс орталағына сапар шекті. Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қызметкері Чапай Нұршат киелі жерлер аталып кеткен кесенелермен ғұламалардың тарихы туралы айтып, сапарамызды одан әрі қызықтыра түсті. Укаш ата суының басына барып, аңыз әңгімелермен таныстық. Сапарымыздың соңында студенттер Қожа Ахмет Яссауй кесенесіне тоқтап, Керуен сарайын тамашалап, кешкі шоу-бағдарламаның куәсі болды. Осындай тамаша саяхатты ұйымдастырған және демеушілік жасаған академия басшылығына студенттер ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

15.04.2024, 13:19
238 қаралым