Студенттік Арнау кеші

Қыркүйек айының 28-29 жұлдызында жыл сайын  дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын  ОҚМФА І курсына қабылданған білім алушыларды студенттік қатарға қосу рәсімі «Арнау кеші» өтті. Іс-шара «Ырғақты ұста» студенттік үйірме белсенділерінің орындауында флеш-мобпен басталып, академия туралы бейнебаян көрсетілді. Кешті салтанатты түрде  оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор М.Ұ.Анартаева ашып, факультет декандары білім алушыларды жылы лебіздерімен құттықтады. Жас ұрпақтың да, ОҚМФА-ның да осы үлкен жетістігін ескере отырып, кештің салтанатты бөлімінде М.Ұ.Анартаева оларды жетістіктерімен құттықтап, символикалық сыйлықтармен марапаттады.  Ал декандар болса өнер мен спорт саласында жетістікке жеткен студенттерімізді Қажымұхан стадионына қарасты жүзу павилионына абономентті сыйға тартып, Студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Баймбетованың демеушілігімен медицина факультетінің студенттік деканы Әбдіқұл Биғалиға «Денсаулық» демалыс орнына жолдама берілді.

Кештің концерттік бөлімінде «Қазына» би ансамблі қазақ, үнді, грузин билерін билеп, академиямыздың белсенділері өнерлерін паш етті. Концерттік бөлімді жабу үшін сахнада академия белсенділерімен «ОҚМФА-мен биікке самға» студенттік әнұраны орындалды.

DSC 0010DSC 0985DSC 0988DSC 1017DSC 1028

Жастар саясаты бөлімі

02.10.2017, 04:23
426 қаралым