Студенттермен «Шымқала» тарихи-мәдени кешеніне саяхат

2023 жылы 8 желтоқсанында Шымкент қаласындағы ашық аспан астындағы «Шымқала» тарихи-мәдени кешеніне «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, Рhd докторы Ж.О.Нұржанбаева, аға оқытушылар Ә.С.Еркінбекова мен А.Ж.Ибраимованың жетекшілігімен В-ПҚАБ-01-02-23 топтарының студенттері «Қазақстан тарихы» пәнінен жобаға бағытталған оқыту бойынша дәріс-саяхат жасады.
Дәріс-саяхаттың мақсаты: студенттердің тарихи-танымдық қабілеттерін арттыру, туған өлке тарихына деген қызығушылығын дамыту, ғылыми ізденушілік мәдениеті мен патриоттық сезімін және тарихи санасын қалыптастыру.
«Шымқала» — «Цитадельдің» Шымкент тарихын айшықтайтын, тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген, Шымкент қаласының ортағасырлық бекінісінің орны сақталған, еліміздегі бірден-бір маңызы бар археологиялық нысан екенін айғақтайды. Студенттер «Шахристан», «Шығыс базары», «Хауыз», «Жібек жолы керуені» және «Цитадель» залдарына саяхат жасап, консервациялық және реставрациялық жұмыстар нәтижесінде тарихи қалпына келтірілген нысандардың түпнұсқасымен, бастапқы келбетімен, бекініс жүйесімен танысты.
"Шымқала" мұражайының залдарындағы орналасқан экспозициялар Қазақстан тарихындағы жекелеген оқиғалар мен фактілерді көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік берді.
Іс-шараның маңыздылығы - жобаға бағытталған дәріс-саяхаттың студенттердің туған өлкесінің тарихымен танысуға, өз елінің тарихындағы маңызды оқиғаларды талдай білуге, сыни тұрғыдан ойлауға, ғылыми ізденушілік дағдыларын қалыптасуын және өз білімдерін тәжірибеде қолдана білуіне мүмкіндік береді.

20.12.2023, 16:41
387 қаралым