Студенттер арасында құқықтық мәдениет негізін қалыптастыру» тақырыбындағы кездесу
2023 жылдың 06 наурыз күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен «Қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған шаралар қабылдау, атап айтқанда, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиеленушілер, сондай ақ жоғары білім беру ұйымдарында студенттер арасында құқықтық мәдениет негізін қалыптастыру бойынша жүйелі және өзара байланысты жұмыс жүргізу туралы» тақырыбында студенттермен кездесу өткізілді.
Аталған шараны модератор Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ашып беріп, келген қонақтармен таныстырып, іс-шара мақсаты болашақ заңгерлер мен заңгерлік емес мамандықтар студенттерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру екенін атап өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасының аға прокуроры Абдумуталипов Асан және прокуроры Ханходжаев Улан қатысып, жастарымызға студенттері, білім беру орындарының персоналдары және халық арасында құқықтық мәдениет негізін қалыптастыру тақырыбында сөз қозғады. Қазіргі таңдағы цифрлық базалар порталы – ERAP, ERSOP, E-UD, ERDR таныстырды. Профилактикалық іс-шара Qamqor.gov.kz электрондық порталының заңнамасын және құқықтық ағарту және оны ақпарат үшін пайдалануды түсіндіру жұмыстары аясында өткізілді.
Іс шараны қорытындылаған Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасының компьютерлік бағдарлама және ақпараттық қауіпсіздік инспекторы Уалихан Уейс жастарымызды барынша Құқықтық ақпарат, студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға шақырды.