Стратегиялық серіктестік іс жүзінде

Стратегиялық серіктестік аясында ОҚМФА оқытушылары Гданьск медициналық университетінде (ГМУ, Польша) ұйымдастырылған фармацевтикалық ғылымдар бойынша XXIV ғылыми конференциясына қатысты. 

Конференцияның бірінші күні фармацевтикалық ғылым мен білім саласындағы белгілі ғалым Р. Калишанның 70 жылдық мерейтойына арналды. Мерейтой иесін құттықтау белгілі ғалымдар, әртүрлі елдер мен Польша университеттерінен келген оның ұжымдастары мен шәкірттерінің ғылыми баяндамаларымен жалғасын тапты. ГМУ-ің стратегиялық серіктестерінің бірі - ОҚМФА әкімшілігі мен ұжымы атынан ғылыми және клиникалық жұмыстары бойынша проректоры Б.Қ. Нұрмашев құттықтау сөз сөйледі.

891 1

Конференцияның екінші күні пленарлы мәжілісте 30-ға жуық ауызша баяндамалар тыңдалды. Екі секциялық мәжілісте 50 аса электронды постерлер тыңдауға ұсынылды. Академиядан конференцияға үш баяндама ұсынылды: х.ғ.д, профессор А.К. Патсаевтың «Қазақстаннның дәрілік өсімдіктерін зерттеу және тиімді пайдалану мәселелері», фарм.ғ.д., профессор С.К. Ордабаеваның «Оңтүстік Қазақстанның өсімдік шикізаттары негізінде фитопрепараттар жасау» (e-poster) және фарм.ғ.к. В.А. Коротковтың «Қызғылт маклюра негізінде жаңа дәрілік препараттар жасау және стандарттау» тақырыптарындағы баяндамалары аудитория қызығушылығын туғызды. 

891 2

891 3

Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ГМУ-де біздің академияның фармацевтика факультетінің 4 курс студенттері білім алуда. Польша оқытушыларының біздің студенттердің білімі мен тәжірибелік дағдылары, жоғары жауапкершілігі мен қызығушылығы жайлы оң көзқарастарын білдіруі көңілге қуаныш ұялатты. 

891 4

Делегация микробиология, молекулярлы биология, фармакогнозия, фармацевтикалық химия, дәрілік заттардың биофармация және фармакодинамикасы кафедраларында, сонымен бірге, ГМУ-ің медициналық клиникасында және клиникадағы аурухана ішілік дәріханада болды. Қызығушылық тудырған сұрақтар талқыланып, болашақтағы кафедралар арасындағы серіктестік жоспарлары болжамдалды.

891 5

891 6

Оқытушылар фармацевтикалық ғылым мен білім саласындағы ғылыми қызығушылықтары, көзқарастарымен пікір алмасуға мүмкіндік бергені үшін академия басшылығына, сонымен бірге, конференцияны ұйымдастырушы ГМУ фармацевтика факультетінің деканы Михал Маркушевскийге конференцияны жоғары деңгейде ұйымдастырып, жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіреді. 

891 7

15.12.2016, 03:15
451 қаралым