Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқарма басшылығы, жұмыс берушілермен кездесу
АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының деканы, PhD К.С.Кемельбековтың, Резидентура деканы, профессор Г.Е.Бектеноватың, Медицина факультетінің деканы Ж.И.Сактагановтың, Фармация факультетінің деканы, PhD Г.Ж.Умирзакованың ұйымдастыруымен және жұмыс берушілер ретінде Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Р.М.Улмесековтың басқаруымен қала және аудандық емхана, аурухана басшыларымен кездесу академияның бас ғимаратының үлкен мәжіліс залында 2023 жылдың 14 ақпан күні жиналыс өткізілді.
Оған 2022-2023 оқу жылында бітіруші дәрігер-интерндер мен резиденттері Солтүстік Қазақстан облысының жұмыс берушілерімен кездесуі өтті.Жұмыс берушілер ретінде төмендегі құрам қатысты:
1.«Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің денсаулық сақтау басқармасы» КМК директоры Қазиев Арман Есілбайұлы
2.«Қазақстан облысы әкімшілігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ бөлім басшысы Ұлмесеков Ринат Маратұлы
3.«Шал ақын ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер» жөніндегі орынбасары Дүйсенбинов Арман Есілбайұлы
4.«Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КМК директор Бейсембаев Дауренбек Жұмағұлұлы
5.«Көп бейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК директор Амрин Сәкен Өмірсерікұлы
6.«Көп бейінді балалар облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК директор Айманов Нұрлан Бақдәулетұлы
7.«№3 қалалық емханасы» ШЖҚ КМК директор Өтебаев Асхат Оңғарұлы
8.«Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасы» ШЖҚ КМК директор Кудратуллаев Мақсат Мадиярұлы
9.«Мамлют аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК директор Грауверг Карина Валерьевна
10.«Көп бейінді қалалық жедел жәрдем ауруханасы» ШЖҚ КМК директор Маутова Жанна Қабиденқызы
Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша облыстық әкімшіліктен 1,5 миллион көтерме ақы, жергілікті әкімшіліктен 300 мың теңге және әр мекеме 500 мың теңге беріп, үймен қамтамасыз етілетіндігі, балабақша, мектепке жанұялы жас мамандардың балаларын орналастыруға көмек көрсетілетіндігі және де тапшы мамандықтар бойынша резидентураға оқыту мүмкіндіктері бар екенін айтылды. Бітіруші түлектер сұраұтарын қойып, жауаптар алынды. Қызығушылық танытқан бітірушілер келісімшарттардың ережелерімен танысты.