"Симуляциялық технологияларды қолдану тәжірибесінің өзектілігі мен мәселелері" атты тақырыпта ұйымдастырылған дөңгелек үстел

24.11.2023 жылы «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ, «Педиатрия-1» кафедрасының ұйымдастырылуымен «Симуляциялық технологияларды қолдану тәжірибесінің өзектілігі мен мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел мақсаты: Симуляциялық технологияларды қолдану тәжірибесінің қазіргі жағдайын, проблемаларын және перспективалық мәселелерін талқылап, мазмұнын ашу, анықталған мәселелер бойынша шешім шығарып, түзету шараларын қарастыру.
Конференцияның модераторы «Педиатрия-1» кафедрасының ассистенті С.К. Шагираева дөңгелек үстелді ашып, бағдарламамен таныстырды.
Алғы сөз «Оқу әдістемелік орталығының» басшысы Б.З.Долтаеваға, «Медицина» факультетінің деканы Ж.И.Сагтағановқа және кафедра меңгерушіс, PhD К.С.Кемельбековке беріліп, сәттілік тілеп, дөңгелек үстелдің тиімді ақпараттарға мол болатынына сенімін білдірді. Дөңгелек үстел барысында 2 баяндамашы тақырыптық баяндамаларын жасады:
1. «Педиатрия-1» кафедрасының ассистенті С.К. Шагираева – «Симуляциялық технологияларды қолдану тәжірибесінің өзектілігі мен мәселелері»
2. «Педиатрия-1» кафедрасының ассистенті Г.Ш. Ахметова «Симуляциялық технологияларды қолдану тәжірибесіндегі кафедра тарапынан көріп тұрған қиыншылықтар»
Конференцияға оқу әдістемелік бөлім басшысы Долтаева Б.З., жалпы медицина факультетінің деканы Сагтағанов Ж.И, тәжірибелік дағдылар орталығының дәрігер инструкторы Омарова Г.С, Педиатрия-2 кафедрасының ассистенті Турдалиева Т.М, Умарова А.Н және ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының оқытушысы Батхиева М.Б. қатысты.
Дөңгелек үстел барысында симуляциялық технологияларды қолданудың өзектілігі, проблемалары, білім алушылардың қатысу белсенділігі, оқу үлгерімі туралы, оқу барысында болатын қиындықтары ортаға салынып талқыланды.
Сонымен қатар ТДО-да емтихан өткізу барысының оңтайландыруға арналған пікір талас жүргізілді. Білім алушылардың ТДО-на сабақтан тыс уақытта машықтануға жағдай жасау туралы айтылды. Аталған мәселелерді шешу жолдары туралы сөз қозғалды.
Оқу әдістемелік орталығының басшысы Б.З.Долтаева, «Медицина» факультет деканы Ж.И.Сагтағанов сөз алды, осы тақырыптың өте өзекті екенін, аталған мәселелермен жұмыс жасалып жатқанын және академия тарапынан шешімін табуға атсалысатындығын айтты.
Дөңгелек үстел соңында алдағы уақытта осы тақырыпта академия деңгейінде семинар өткізіуге ұсыныс айтылды. Осындай дөңгелек үстелді ұйымдастырғанымызға алғысын білдірді.
Дөңгелек үстел соңында кафедра ұжымы мен қонақтар бір-бірлеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтып тарқасты.
«Педиатрия-1» кафедрасының меңгерушісі, PhD. К.С.Кемельбеков

27.11.2023, 16:39
377 қаралым