«Шынықсаң шымыр боласын!»

2019 жылдың қазан айында «Химиялық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен денсаулық бағдарламасы аясында «Шынықсаң шымыр боласын» атты жоғарғы оқу орындары арасында спартакиада өткізілді. Спартакиадаға ОҚМА-ның фармация факультеті деканы, профессор м.а. Дауренбеков Қанат Нарбекұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент медицина институтының тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Қожабеков Нұржігіт Абубакирұлы және кафедра профессор оқытушылар құрамы, Жастар комитетінің өкілі Тасжанов Б. Және студенттер қатысты.

1454 1

Алғы сөзді фармация факультетінің деканы Дауренбеков Қанат Нарбекұлы алып, іс-шараның маңыздылығымен таныстырды және қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент медицина институты атынан «Форсаж» тобы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының атынан «Барс» тобы қатысты.

Жарыс соңында жарысқа қатысушы студенттер сыйлықтар мен мадақтамалармен марапатталды.

13.11.2019, 23:54
305 қаралым