Шымкент марафон - 2022

2022 жылдың 11 қыркүйек күні ОҚМА белсенді студенттері мен еріктілері жалпықалалық марафонға қатысты. 5-ші рет Шымкент қаласында өтіп жатқан аталған шараға «Болашақ» АЖО ұйымы ұйымдастыру жұмыстарына белсене ат салысты. Спорттық іс-шараға кәсіби спортшылар және қала тұрғындары қатысты. Шымкент Республикалық маңызы бар және сертификатталған трассасы бар Қазақстанның үшінші қаласы. Марафонды ұйымдастыруға ОҚМА-дан 170 ерікті-студенттер мен қызметкерлері қатысып, 45 студент алғашқы көмек корсету бөлімдерінде болды. Әл-Фараби алыңының бойымен Қонаев көшесіне дейінгі 5, 10, 21 және 42 қашықтыққа жүгіруге әр түрлі жастағы мыңнан астам адам қатысты.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қала тұрғындарына дәстүрлі марофонға белсенді қатысқаны және халықаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

15.09.2022, 17:56
583 қаралым