Шығыстың ұлы ғалымы Абу Али ибн Синоның туған жері
ОҚМА-ның Жедел медициналық көмек және мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі Сейдахметов А.А. және Ғылыми Кеңес хатшысы м.ғ.д., профессор Сейтханова Б.Т. Бұхара мемлекеттік медицина институты (Бұхара қаласы, Өзбекстан, 2018 жылдың 12-сәуірінде) өткізілген «Медициналық білімнің келешегі мен мәселелерінің қазіргі жағдайы » атты халықаралық білім және ғылым конференциясына баяндамамен қатысты.
Халықаралық конференцияға жақын және алыс шет елдерден қонақтар - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасынан қатысты. Бүгінгі таңдағы медицина ғылымын одан әрі дамытудың жаңа идеялары, ойлары, жоспарлары мен перспективалары, біздің болашағымыздың негізін құрайды. Бұл конференция медицина ғылымының үздіксіз дамуына үлес қосатын жаңа және жаңа мақсаттар мен міндеттер барлық қатысушыларға заманауи медициналық білім берудің көптеген проблемалары мен болашағын толығымен жеткізді. Конференцияның негізгі мақсаты медициналық білім беру саласындағы озық тәжірибелер мен білім алмасу болды. Конференция барысында профессор Сейтханова республикалық «Ахборат» телеарнасына сұхбат берді.