ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ КӨШІ-ҚОН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУІ
2015 жылдың 18 ақпан күні академияның үлкен мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан Облысы Ішкі істер департаменті Көші-қон полиция басқармасы және шетел студенттерімен жұмыс жасайтын маманның ұйымдастыруымен академияның «Медицина», «Фармация» факультеттерінде оқитын Ресей, Түркменстан, Өзбекстан Республикасынан келген шетел студентерімен «Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларын» және «Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібін» түсіндіру мақсатында ауқымды кездесу өткізілді.
Кездесуге Оңтүстік Қазақстан Облысы Ішкі істер департаменті Көші-қон полиция басқармасының аға инспекторы, полиция майоры – Мырзабаев Әуезбек Мақсатұлы, Медициналық факультеті деканының орынбасары – Төлебаева Гаухар Ерұзаққызы, Фармацевтикалық факультеті деканының орынбасары – Орынбасарова Күлпан Кенжебайқызы, Ректордың кеңесшісі-Жүсүпов Болат Балғабайұлы, Тәрбие ісі бөлімінің бастығы – Кентаева Индира Төлегенқызы және академияда оқитын шетел студенттері қатысты. Кездесу соңында іс-шараға қатысушы қонақтар мен студент жастары арасында тақырыпқа сай түрлі сауалдар қойылып, толыққанды жауаптар алынды.