ШЕТЕЛДІК ӘРІПТЕСТЕРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасында фармацевтикалық химия пәнінен «Фармация» БББ студенттерімен профессор С.К.Ордабаеваның бастамасымен ашық бинарлы дәріс өткізілді. Серіктес-ЖОО әріптестерінен фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Клен Е.Э., фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Ибрагимова Г.Я. (БММУ, Уфа), сонымен бірге, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Смирнов В.В. (И.М. Сеченов атындағы бірінші МММУ, Мәскеу) дәріске қатысты.

Бинарлы дәріс белсенді әдістердің бірі ретінде негізгі және бейіндік пәндерді пәнаралық интеграциялау, сонымен қатар проблемалық оқыту элементтерін қолдану мақсатына бағытталған. Сонымен, профессор Клен Е.Э. биологиялық белсенді қосылыстар - хинолин және изохинолин туындылары дәрілік препараттарының органикалық синтездеу сұрақтарын толық баяндап берді. Синтез жағдайлары дәрілік препараттардың тазалығын анықтауға, бөгде және тектес қоспалар сияқты сапа көрсеткіштерін нормалауға мүмкіндік береді.

Профессор В.В. Смирновтың морфиннің синтетикалық аналогтарын синтездеу саласындағы жұмыстары туралы мәліметтері өте қызықты және ақпараттық болды. Онда наркотикалық анальгетиктердің әсері баяндалды, әсері бойынша морфинге ұқсас аналогтарын синтездеуге негіз болған фармакофорлы топтарды атап өтті. Профессор оқытылып отырған дәрілік препараттардың фармакологиялық және уытты әсерлеріне тоқталып өтті.
Аталған тақырыпқа сай профессор Ибрагимова Г.Я. препараттардың сақталуы, есепке алынуы және босатылуы, сонымен қатар, наркотикалық дәрілік заттарды жою және күшті әсерлі дәрілік препараттармен жұмыс жасау ерекшеліктерімен студенттерді таныстырды.

Негізгі дәріс беруші Ордабаева С.К. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фармакопеясының дәрілік заттардың сапасына қойылатын талаптарына сәйкес мәліметтерді баяндады. Хинин, папаверин, морфиннің синтетикалық аналогтарын жасаудың алғышарттары олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере отырып, атап өтілді. Студенттерге фармацевтикалық нарықтағы препараттарды зерттеу негізінде жаңа препараттарды жасау мәселелерін ұсынды. Отандық фармакопея талаптарын ресейлік, европалық, британдық, американдық фармакопеялармен салыстыра отырып, талдау жасалды. Сондықтан аудитория үшін келесі мәселе дәрілік заттардың синтездеу, химиялық қасиеттері, өндіріс жағдайы мен сақталу жағдайларына байланысты тұрақтылық мәселелеріне тәуелді дәрілік заттар сапасын бақылау сұрақтарын шешу болып табылды.

Қорыта айтқанда, студенттік аудитория, дәріске қатысқан әріптестер мен шақырылған қонақтар пікірі бойынша пәнаралық интеграция және PBL элементтерімен өткен бинарлы дәріс талқыланған мәселелерді қабылдау, ойлау және аудитория белсенділігі арқасында өте жоғары деңгейде өтті және өз мақсатына жетті.

11.04.2022, 11:25
450 қаралым