ШЕТЕЛ СЕРІКТЕСТЕРІМЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

29.11.21 мен 10.12.21 аралығында фармакогнозия кафедрасына профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлық аясында Ташкент фармацевтикалық институтының фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі Фарманова Нодира Тахировна, Ташкент фармацевтикалық институтының фармакогнозия кафедрасының доценті, РһD Халилова Шахноза Равшановна шақырылды.
Академиялық ұтқырлықтың жоспарына «Фармация» мамандығының 2 қысқартылған курс және 3,4,5 курс студенттеріне зертханалық сабақты, студенттің оқытушымен өзіндік жұмысты және аралық бақылауды өткізу кіреді.

Академиялық ұтқырлық бойынша келген оқытушылар «Дәрілік өсімдік шикізатының микробиологиялық және радиологиялық сапасын бақылау», «Құрамында флавоноидтары және олардың гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізатын талдау» тақырыптар бойынша зертханалық сабақтар өткізді және тақырып бойынша талқылау жұмыстары жүргізілді.
ТашФармИ келген оқытушылардың кәсіптік құзыреттіліктері студенттерге оң әсер қалдырды. Оқытушылар тек өзінің білгірлігімен ғана бөлісіп қана қоймай, сонымен қатар аралық бақылау қабылдады.

Дәрілік өсімдік шикізатының фармакогностикалық талдау әдістерін талқылап қана қоймай, шағын топтар ұйымдастырып зертханалық жұмыстар жүргізді. Оқытушылар дәрілік өсімдік шикізатынан биологиялық белсенді заттарды бөліп алу әдістерін ғана емесе, сонымен қатар оларды идентификациялау бойынша өзекті сұрақтарды қарастырды. Биологиялық белсенді заттардың физико-химиялық қасиеттерін, жинақталу динамикасын және өсімдіктер тіршілігіндегі маңызы туралы талқылады. Нодира Тахировна және Шахноза Равшановна студенттер аудиториясын қызықтыра білді.

14.12.2021, 23:34
391 қаралым