ШЕТЕЛ ӘРІПТЕСТЕРІМЕН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының базасында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушылары виртуалды академиялық ұтқырлық бағдарламасын аяқтады.

С.Қ. Ордабаеваның бағдарламасы дәрілік заттардың сапасын бақылау саласындағы дәрістер мен вебинарлар өткізуден тұрды. Вебинарда ароматты, алициклды, стероидты, гетероциклды қосылыстар туындыларының дәрілік препараттарына фармацевтикалық талдау жүргізу әдістері талқыланып кетті.

1729 1

Лектор табиғи шикізаттан биологиялық белсенді қосылыстар алу, дәрілік препараттар синтезі жолдарын жан-жақты баяндап, синтез жолының нәтижелер бойынша анықталатын дәрілік заттар тазалығының мәселелерін атап өтті. Дәрілік заттардың физика-химиялық қасиеттері, физикалық константалары, спектралды сипаттамалары мен олардың идентификациялау әдістеріне тоқталып кетті. Аудиторияны сандық мөлшерін анықтаудың тек қана фармакопеялық әдістері ғана емес, сонымен қатар альтернативті жолдары қызықтырды. 1 наурыз 2021 жылдан бастап қолданысқа енген Еуразиялық экономикалық қауымдастық елдері Фармакопеясының талаптары да қозғалып кетті.

Кафедра доценті А.Д. Серікбаева аудиторияны биологиялық материалдан экстракция және сорбция әдісі арқылы оқшауланатын заттар тобының химия-токсикологиялық талдауымен таныстырды. Білім алушылар дәрілік улардың жалпы және жеке әдістері, оларды идентификациялаудың алдын-ала және дәлелдейтін әдістері бойынша дәрістер тыңдады. Сонымен қатар, талдауға түсетін ілеспе құжаттар, зерттеу объекттері, заманауи сынаманы дайындаудың алдын-ала әдістері, химия-токсикологиялық талдау нәтижелерін интерпретациялауы талқыланды.

1729 2

 

Онлайн-дәрістер мен вебинарларда фармация факультетінің 3-4 курс студенттері, ординаторлар, аспиранттар, фармакогнозия және дәрілік заттар химиясы кафедрасының меңгерушісі Мураталиева А.Ж. бастаған оқытушылар қатысып, ҚММА басшылығы атынан ОҚМА оқытушыларының қызықты тақырыптағы жарқын, ақпараттылығы мол презентациялары мен педагогикалық шеберлігі үшін алғысын білдірді.

21.06.2021, 09:17
667 қаралым