Шетел ғалымының визитинг бағдарламасының аяқталуы

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы базасында 10.10.-22.10.2022 аралығында хим.ғыл.канд., И.В.Давыдовский атындағы ҚКА фармакокинетика зертханасының (Мәскеу, РФ) химик-сарапшысы Т.А.Родинаның визитинг бағдарламасы аяқталды.

Бакалавриат, магистратура, докторантура білім алушылары мен Академияның оқытушылары үшін бағдарламаға жоғары эффективті сұйықтық хроматографиясының теориялық негіздері, практикалық сабақтары мен шеберлік сабақтары енгізілген.
Татьяна Александровна тәжірибелік сараптама, фармакокинетика мен фармакодинамиканы зерттеулері, дәрілік заттардың биоэквиваленттілгін зерттеу саласындағы танымал маман болып табылады. Сонымен бірге сұйықтық хроматография ультракүлгін және масс-спектрометрлік детекторлармен тандемде кеңінен қолданып жүрген білікті маман.
Тыңдаушылар заттардың бөліну механизмдерімен, сорбенттерді таңдау және жылжымалы фазаларды іріктеу, элюирлеу тәртібімен, хроматографияның барлық шарттарымен танысты. Құрал-жабдықтарды, детекторларды таңдау, дәрілік заттардың сапалық және сандық талдауы, хроматографиялық әдістемелерді валидациялау бойынша арнайы дәрістер мен шеберлік сабақтары өткізілді.

Препаративті хроматография негіздері, оның мақсаттары мен міндеттері, тазарту принциптері және препаративті сұйықтық хроматография құрал-жабдықтары, сонымен бірге, сынаманы дайындау әдістемелерін жасау, тазарту, концентрлеу және сапасын бақылау жұмыстары қарастырылды.
Сонымен қатар, Родина Т.А. құрылыс алаңында Университет клиникасының «алғашқы» тасын қалауға қатысты. Қиял әлемімен салыстыра отырып, болашақ клиниканың қуаттылығы мен мүмкіндігі, Академия оқытушылары мен білім алушыларының - біздің болашақ докторлар иен ғалымдардың, сонымен қатар,
Оңтүстік Қазақстан тұрғындары арманының шындыққа айналуы қонақты ерекше таң қалдырды.

Жұмыс кестесінің соңында Т.А.Родина, ОҚМА оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры М.Ұ.Анартаева, фармация факультеті деканы Г.Ж.Умурзахова, Академия оқытушылары мен білім алушылары қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Онда ынтымақтастықты жалғастыру, кафедраның және жалпы факультеттің жобалық ғылыми-зерттеу жұмыстары жайлы сұрақтар талқыланды.
Т.А.Родинаға жемісті ынтымақтастық және оқытушылар мен білім алушыларға теориялық білімдерін тереңдетуге, сұйықтық хроматографта жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік бергені үшін профессор Ордабаева С.К. алғыс білдірді. Барлық тыңдаушыларға сертификаттар тапсырылды, студенттер мен магистранттар шақырылған ғалымға нәтижелі сабақтары үшін алғыстарын айтты.

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұжымы Академия басшылығына еліміздің фармацевтика саласында құзыретті мамандар даярлауға өз үлесін қосып жүрген, дәрілік заттардың сапасын бақылау, қауіпсіздігі мен эффективілігін қамтамасыз ету саласындағы танымал шетелдік ғалым, практикті шақыруға мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыстарын білдіреді.

31.10.2022, 12:52
454 қаралым