Шетел әріптестерімен бірлескен жұмыс

2022 жылы 1 желтоқсанда фармакогнозия кафедрасында 6В07201 - "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша 3 курс студенттері үшін оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, В-ФӨТКА-01-20; В-ФӨТКА-04-20 топтарында "Табиғи дәрілік қосылыстар химиясы" пәні бойынша "Құрамында иілік заттары бар дәрілік өсімдік шикізатын талдау" тақырыбында ашық дәріс өтілді.

Дәрісті серіктес ЖОО әріптесі Пятигорск медико-фармацевтикалық институтының фармакогнозия, ботаника және фитопрепараттар технология кафедрасының меңгерушісі, визитинг-профессор, фарм.ғ.д. Д.А.Коновалов бірге фарм.ғ.к., профессор м.а. К.К. Орынбасарова, яғни қос лектор дәріс оқыды

Алдын ала студенттерге дәріс тақырыбы бойынша үлестірме материалдар жіберілді және сол материалдар бойынша олар сұрақтарын дайындады. Дәрістің басында лектор мазмұны бойынша сұрақтарды сұрыптады. Материалдың мазмұны әр сұраққа жауап ретінде емес, тақырыпты дәйекті түрде ашу түрінде құрылды, оның барысында тиісті жауаптар тұжырымдалды.
Студенттердің ерекше қызығушылығын өсімдік әлемінде таниндердің таралуы, дәрілік өсімдік шикізатының құрамында осы топтың биологиялық белсенді заттарды пайдалану, дәрілік өсімдік шикізатының фармакологиялық әсері тудырды, сонымен қатар таниндерді талдау әдістері, оларды бөлу әдістері және басқа да көптеген сұрақтар болды.
Бұл дәріс мемлекеттік және орыс тілдерінде пресс - конференциясы және көптілді нысанда өтті, оның барысында фарм.ғ.д., профессор Коновалов Д.А. студенттерге дәрілік өсімдік шикізатында таниндердің жиналуы және олардың халық шаруашылығындағы маңызы, өсімдік шикізатынан таниндерді бөліп алу әдістері, олардың физика-химиялық қасиеттері, сандық талдау әдістері туралы айтып берді. Ал өз кезегінде фарм.ғ.к., проф.м.а. Орынбасарова К. К. құрамындаилік заттары бар дәрілік заттарды сапалы талдау әдістері, қолдану аймақтары, сондай-ақ құрамында таниндер бар дәрілік өсімдік шикізаты туралы түсіндірді.

Дәріс жоспарына сәйкес қос лектор студенттерге таниндерді биологиялық белсенді қоспалар ретінде пайдалану, олардың жіктелуі және физика-химиялық қасиеттері, таниндердің түрлері және олардың құрылымының ерекшеліктері, сондай-ақ өсімдіктер әлемінде таралуы туралы егжей-тегжейлі айтып, түсіндірді. Формула түрінде олардың жеке түрлерінің құрылымдық ерекшеліктерін көрсетті.

Дәріс барысында алған білімді бекіту және қалыптасқан білгірлігін өзектендіру үшін студенттермен кері байланыс орнатылды. Студенттер қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

Пресс - конференциясы түрінде өткен дәріс студенттердің назарын оқу материалы мазмұнының негізгі сәттеріне аударуға, оқытушының материалды игеру дәрежесі туралы ұсынуына, студенттердің білімін жүйелеуге, осы пән бойынша таңдалған дәріс жұмысының жүйесін түзетуге бағытталған. Дәріс соңында лектор студенттердің білімі мен кері байланыстың орнатылған көрінісі ретінде сұрақтарға қорытынды баға берді.

06.12.2022, 14:33
595 қаралым