Шет тілдері кафедрасындағы ашық сабақ

22.10.2015ж. шет тілдері кафедрасында аға оқытушы Сматова Алия Ералиевна 201фк(а) тобында « My first experiment » тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.

628 2 2

Сабақта кеңінен техникалық оқу құралдары, мультимедиялық тақта қолданылды. Студенттердің күшімен «Жасанды қар» атты химиялық эксперимент жасалды. Тәжірибені жасауга 3 гр. бензой қышқылы мен қарағай бұтақшалары қажет болды. Шыны ыдысқа 3гр. бензой қышқылын салғаннан кейн үстінен қарағай бұтақшаларын саламыз. Электрлік плитаның үстіне қойып мұздай суы бар дөңгелек тәрізді колбамен шыны ыдысты жабамыз. Жасанды қар дайын болуға 15-20 минут қажет. Студенттер тәжірибені ағылшын  тілінде сөйлей отырып түсіндірді. Сабақ барысында студенттердің сөйлеу, жазу және логикалық ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Ғажайыптар алаңы», «Сөйлемді аяқта» атты қызықты ойындар өткізілді. Ашық сабақ мақсатына жетті. Кафедра меңгерушілері, аға оқытушылар және әдіскерлер  сабақ қонақтары болды.

02.11.2015, 23:00
438 қаралым