«Шет ел білім алушыларын оқытудың қазіргі жағдайы, проблемалары мен перспективасы» - атты дөңгелек үстел

03.05.2023 жылы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, «Педиатрия-1» кафедрасымен «Шет ел білім алушыларын оқытудың қазіргі жағдайы, проблемалары мен перспективасы» - атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел мақсаты: шет ел білім алушыларын оқытудың қазіргі жағдайын, проблемаларын және перспективалық мәселелерін талқылап, мазмұнын ашу, анықталған мәселелер бойынша шешім шығарып, түзету шараларын қарастыру.
Конференцияның модераторы «Педиатрия-1» кафедрасының оқу ісі меңгерушісі А.Е.Толеуова дөңгелек үстелді ашып, бағдарламамен таныстырды.
Алғы сөз оқу бөлімінің әдістемелік бөлім меңгерушісі Б.М.Рашева мен кафедра меңгерушісі, PhD К.С.Кемельбековке беріліп, сәттілік тілеп, дөңгелек үстелдің тиімді ақпараттарға мол болатынына сенімін білдірді. Дөңгелек үстел барысында 2 баяндамашы тақырыптық баяндамаларын жасады:
1. «Педиатрия-1» кафедрасының ассистенті А.Е.Абсадық – «Шет ел білім алушыларын оқытудың қазіргі жағдайы, проблемалары мен перспективасы»
2. «Гигиена және эпедемиология» кафедрасының аға оқытушысы Л.О. Байконысова «Шет ел білім алушыларын оқыту мен ғылымға баулудағы кафедра тәжірибесі»
Конференцияға академия оқу бөлімінен Рашева Б.М., халықаралық факультет деканы Төлбасиева А.А, Педиатрия-2 кафедрасының ассистенті Балтабаева Г.Т. және Гигиена және эпедемиология кафедрасының аға оқытушысы Л.О. Байконысова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында шет ел білім алушылардың Қазақстанға келгеннен кейінгі проблемалары, олардың сабақтан кешігіп келулері, тазалықтары және олардық оқу үлгерімі туралы, оқу барысында болатын қиындықтары ортаға салынып талқыланды.
Сонымен қатар шет ел білім алушыларының ғылыми жұмыстармен айналысуындағы қарқынды алға дамушылықтың байқалғандығын, ғылыми жұмыспен айналысуға өздері өз еріктерімен ниетті екендіктері анықталып отырғандықтары айтылды. Сол мәселелерді қалай шешу, қандай көмек қарастырылғандары туралы сөз қозғалды.
Халықаралық факультет деканы А.А.Төлбасиева сөз алды, осы тақырыптың өте өзекті екені, аталған мәселелермен жұмыс жасалып жатқаны және кейбір аталаған мәселелерді академия басшылығына жеткізетінін, басшылық тарапында шешімін табуға атсалысатындығын айтты.
Дөңгелек үстел соңында алдағы уақытта осы тақырыпта академия деңгейінде семинар өткізіуге ұсыныс айтылды.
Осындай дөңгелек үстелді ұйымдастырғанымызға алғысын білдірді..
Дөңгелек үстел соңында кафедра ұжымы мен қонақтар бір-бірлеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтып тарқасты.

17.05.2023, 09:42
504 қаралым