«Сервис-дизайнды қолдану» мастер-классы
2022 ж. 26-30 қыркүйек аралығында «ОҚМА» АҚ командасы Астана медицина университетінде өткен «Қазақстанда мейіргерлік қызметтерді дамытуда сервис-дизайнды қолдану» мастер-класстың қатысушысы болды. Мастер-класс Erasmus+ AccelEd («Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру») жобасының бөлігі болып табылады.
Мастер-класс медициналық университеттердің профессор-оқытушылар құрамы, клиника қызметкерлері, бас, аға мейіргерлер, магистратура, докторантура студенттері үшін ұйымдастырылды, Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында іске асырылған сервис дизайн жобаларының нәтижелерімен алмасуға, сондай-ақ мейіргерлік қызмет көрсетуді енгізу және жақсарту тәжірибесімен алмасуға бағытталған.
ОҚМА атынан «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Сейдахметова Айзат Әшімханқызы, кафедра ассистенттері Ходжакулова Умида Абдывалыевна, Әуезханқызы Дана, Юнусметов Эльдор Шавкатович, Оспанбек Айгүл Кенесқызы, Юсупова Шахноза Давранбекқызы, «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының екінші оқу жылының магистранттары Касимова Камила Құрбанбайқызы, Бижанова Әйгерім Дүйсенәліқызы қатысты.
ОҚМА командасы атынан А.А.Сейдахметова және Э.Ш.Юнусметов «Диагностикалық рәсімдерді жүргізу кезінде бөлімшеде көрсетілетін көмек деңгейіне науқастардың қанағаттануы» тақырыбында баяндама жасады.
Мастер-класс JAMK (Финляндия), Қарағанды медицина университеті және Астана медицина университеттерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Халықаралық сарапшылар, мастер-класс оқытушылары Финляндия, Нидерланды, Литва, Назарбаев университеттерінің профессорлары болды. Мастер-класс Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарында іске асырылған сервис дизайн жобаларының нәтижелерімен алмасуға, мейіргерлік қызмет көрсетуді енгізу және жақсарту тәжірибесімен алмасуға бағытталған.
Мастер-класс бойы шағын топтарда құралдарды әзірлеу, медициналық қызметтердің сервис-дизайнын жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді. Сервистік дизайн бойынша зерттеулер жүргізу кезінде әрбір команда мейіргерлерде туындайтын мәселелерді шешуге тырысты, жүргізілген жұмыстың нәтижелерін ұсынды. Мастер-класс барысында мейіргерлік қызметтерді дамытуда сервис дизайн қолдану бойынша пікірталас жүргізілді, өз жұмысында пайдалану үшін сервис дизайн жақсартуды енгізу нәтижелерін бағалау талқыланды.