Серіктес ЖОО арасындағы тиімді ынтымақтастық

15.05.-26.05.2018 аралығында фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, проф. С.Қ. Ордабаева академиялық ұтқырлық аясында Башқұрт мемлекеттік медицина Университетінің (БММУ, Уфа, РФ) базасында болды. 

1165 1

Визитинг бағдарламасы фармацевтикалық факультет студенттерінің оқу үрдісіне қатысу (дәрістер, тәжірибелік сабақтар), оқытушыларға мастер-класс өткізу, белсенді оқыту әдістерін жүргізу тәжірибесін ендіру, бірлескен оқу бағдарламаларын талқылау мен келісу, университет ғылыми және клиникалық орталықтары, өндіріс базаларымен және т.б. танысудан тұрды.

1165 2

БММУ барлық факультет түлектерінің әрі қарай жұмыспен қамтамасыз етілуіне ықпал ететін аккредитация жүргізу үрдісі біздің қызығушылығымызды туғызды. Ол үшін қосымша білім беру Институтында бітіруші түлектер мен фармацевтика саласының мамандарына арналған тәжірибелік дағдыларды аттестациялау бойынша әдістемелік орталығы ұйымдастырылған, оларды тәжірибелік қызметкерлерден шақырылған сарапшылар он-лайн режимде бағалайды. 

1165 3

Проф. С.Қ. Ордабаева мен кафедра магистранты М.А. Мирсоатова ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша «Фармацевтикалық білім, ғылым мен тәжірибенің заманауи аспекттері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Конференция ұйымдастырылушылары және шақырылған қонақтармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мен білім бағдарламалары бойынша пікір алмасу, тәжірибелермен бөлісу жүргізілді. Конференция аясында Башқұртстан  Республикасының ғылым академиясы, БММУ ҒЗЗО базасындағы жасуша өсіруші Зертханасына және басқа да жетекші ғылыми орталықтарға бару ұйымдастырылды.

1165 4

БММУ ректоры проф. В.П. Павловпен кездесу барысында біздің ЖОО арасындағы ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойылды және әрі қарай серіктестіктің жалғасуы жөніндегі сұрақтар талқыланды. 

1165 5

Бізді қабылдаушы БММУ фармацевтикалық химия, аналитикалық және токсикологиялық химия курстары кафедрасының меңгерушісі, проф. Ф.А. Халиулин мен кафедра қызметкерлеріне тәжірибе алмасу аясында жүргізілген ұйымдастыру жұмыстары мен шырайлы қонақжайлылығына алғысымызды білдіреміз.

1165 6

30.05.2018, 11:23
250 қаралым