Серіктес жоғары оқу орнындағы өндірістік тәжірибе

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының басшылығының қолдауының арқасында «Фармация» мамандығының 4 курс студенттері академияның серіктес жоғары оқу орны - Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің (Уфа қ., Ресей) базасында фармакогнозия бойынша өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болды.

1393 1

1393 2

Міндетті тәжірибе бағдарламасынан басқа, студенттер мен тәжірибе жетекшісі Орынбасарова К.К. Башқұрт университеті өткізген «Фармацевтикалық білім беру, ғылым мен тәжірибенің заманауи аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

1393 3

Ең қызығы, Фармация бойынша Нижневолжский Кластері - 2019 олимпиадасында ОҚМА-нан екі команданың қатысуы болды: бірінші команда - академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Башқұрт мемлекеттік медицина университетінде 2019 жылдың ақпан айынан бастап оқып жатқан біздің студенттер, ал екінші команда құрамына өндірістік тәжірибеге келген студенттер қірді.

1393 4

Студенттер мен оқытушылар ұжымының академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орнының интернационализациясының ең көрнекті аспектілерінің бірі болып табылады және студенттеріміздің бұл сапары Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының еуропалық білім беру кеңістігіне кірігу үшін белгіленген іс-шараларды жалғастыруының үлгісі болып табылады.

1393 5

17.05.2019, 05:13
341 қаралым