Семей Полигонның жабылғанына 25 жыл

28.10.2016 ж «Дәрілер технологиясы» кафедрасы 5 курс кураторлық топ студенттерімен бірлесе отырып, жатақханада «Семей Полигонның жабылғанына 25 жыл» атты «дөңгелек үстел» өткізді және де медициналық колледждің 303 топ ТжКББФ фармацевтикалық бөлімінің студенттері де белсенді қатысты.

856 1

506 тобының студенті Фазилова Эльнараның полигонның тарихы туралы баяндамасы тыңдалды және полигонда болған сынақтар мен соның салдарынан болған кері әсерлер туралы бейнероликтер дайындалды.

Кеңес Одағында ядролық қаруға алғашқы сынақ 1949 жылы 29 тамызда таңғы 7 де өткізілді. Бомбаның күші 22 килотоннаны құрады. Полигон құру ядролық жобаның бір бөлігі болды және сәтті таңдау жасалды, нәтижесінде рельифі ядролық жарылыс жер астында, штольняда және ұңғымаларда жүргізуге рұқсат етті.

856 2

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Сынақ полигонын жабу туралы» бұйрығымен 1991 жылы тамыз айының 29 күні Семей ядролық сынақ полигоны жабылды.

Кейін студенттер осы тақырыпқа байланысты дискуссия өткізді. Қорытындылай келе, Семей полигонын жабу туралы шешім дұрыс екені қорытындыға келдік.

11.11.2016, 05:10
398 қаралым