СЕЧЕНОВТЫҚТАР БІЗДІҢ ҚАТАРЫМЫЗДА
Жыл сайын фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы жоғары оқу орындарының серіктестігі туралы Келісімі аясында И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ (Мәскеу қ.) студенттерін «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» оқу-өндірістік тәжірибесін өту мақсатында қабылдайды.
Өндірістік тәжірибенің жұмыс бағдарламасының жоспарына Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттардың сапасын бақылауды регламенттейтін нормативті құжаттармен танысып, талқылау кірді.
Практиканттар субстанция, таблеткалар, капсулалар, инъекциялық ерітінділер, жақпа майлар, сонымен қатар фитопрепараттардың заманауи химиялық, физикалық және физика-химиялық талдау әдістерін қолдана отырып толық фармакопеялық талдаулар жүргізді.
Студенттер алғаш рет зерттелетін дәрілік препараттардың өзі екендігін және сандық мөлшерін анықтау үшін балқу нүктесін анықтайтын «MP70 Melting Point System» (Швейцария) құрылғысында, «Mettler Toledo T50» (Швейцария) автоматты титраторында, «Инфралюм ФТ-8» (Ресей) Фурье ИК-спектрометрінде, «СФ-2000» (Ресей) спектрофотометрінде, «Apel PD-303S» (Жапония) және КФК-3 «30М3» (Ресей) фотометрде жұмыс істеді.
Vision Bio бағдарламалық қамтамасыз етумен «МТ 4000/МТ 5000 Meiji Techno» биологиялық микроскопта жұмыс істей отырып, практиканттар пішіндерді және кристалды тұнбалардың бояуын, ұнтақтардың құрылымын зерттеу және т.б. дағдыларды меңгерді.
Стратегиялық серіктестік және халықаралық қатынастар бойынша проректор Ахметова А.А. студенттерді академиялық серіктестік аясында серіктес оқу орындарының базасында оқуға мүмкіндік беретін заманауи білім жүйесінің артықшылығын атап өтті. Академия аймақтық болғанына қарамастан жоғары санатты профессорлық-оқытушылық құрам және мықты материалды-техникалық базаға ие, сондықтан басқа елдердің алдыңғы қатарлы оқу орындарының студенттерін қабылдауға мүмкіндігі бар.
Ордабаева С.Қ., фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, Бірінші МММУ бір аттас кафедрасымен ұзақ жылдар бойы достығының нәтижелері мен мерзімін атап өтті. Екі кафедра бірге «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесі бойынша жұмыс бағдарламасы мен мәскеулік басылым арқылы ағылшын тілінде басып шығаруға жоспарланған оқу-әдістемелік құралын жасады.
Қонақтар үшін Орта Азияның тарихи қасиетті жерлері – Арыстан Баба, Қ.А. Яссауи кесенелеріне, біздің қаламыздың барлық қонақжайлы жерлеріне арнайы саяхат ұйымдастырылды.
Тәжірибе аяқталған соң студенттер өз әсерлерімен бөлісе отырып, академияның оқу-өндірістік тәжірибесін жоғары деңгейде ұйымдастырғанын, алдыңғы қатарлы құралдармен қамтамасыз етілгенін, көптеген зертханалық жұмыстар атқаруға мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Практиканттар ОҚМФА басшылығына, сонымен қатар фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасына фармацевтикалық талдаудың тәжірибелік дағдыларын жоғары сапалы және кәсіби деңгейде меңгерулеріне мүмкіндік бергені үшін үлкен алғыстарын білдірді. Студенттер жоғары оқу орындарының серіктестіктері аясында осындай тәжірибелердің ары қарай жалғасын табуға тілектестіктерін жеткізді.