Сеченов университетінің халықаралық онлайн-мектебіне қатысу

22-26 қараша аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы фармацевти-калық және токсикологиялық химия кафедрасының оқытушылары «Табиғи дәрілік зат-тарды іздестіру, жасау және стандарттау» халықаралық онлайн-мектебінің бағдарламасы бойынша алдыңғы қатарлы шетелдік ғалымдардың дәрістерін тыңдады. Онлайн-мектепті Сеченов университетінің А.П. Нелюбин атындағы Фармация институты сонымен қатар стратегиялық даму және интернационалдандыру департаментының көмегімен (Мәскеу, РФ) ұйымдастырылды.
Медициналық тәжірибеге тиімді, қауіпсіз және сапалы өсімдік тектес дәрілік пре-параттарды енгізу перспективаларын ескере отырып, дәрістердің тақырыптары тыңдау-шылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Ла Троб университетінің (Австралия) Фармация және қолданбалы ғылымдар мек-тебінің аға оқытушысы Д.Мортонның табиғи текті биологиялық белсенді заттардың жаңа көздерін іздестіру туралы дәрістері өзекті болды.
Дәрілік өсімдіктердің молекулярлық-генетикалық зерттеулері биология ғылымда-рының докторы, Германиядағы Оснаб-Рюк ботаникалық бағының ғылыми директоры, өсімдіктер систематикасы мен молекулярлы биология саласындағы белгілі ғалым Н.Фризеннің баяндамасында талқыланды.
Дәрілік өсімдік шикізаты мен өсімдік тектес дәрілік препараттарға қойылатын фар-макопеялық талаптар, сондай-ақ дәрілік өсімдік шикізаттары мен фитопрепараттарды зерттеудің физика-химиялық әдістері туралы А.П. Нелюбин атындағы Фармация инсти-тутының профессоры, PhD доктор Д.Боков егжей-тегжейлі айтып берді.

Табиғи тектес дәрілік заттарды жоғары эффективті жұқа қабатты хроматография әдісімен стандарттау және олардың сапасын бақылау мәселелері де қызықты болды. Тың-даушылар сұрақтарына фармация ғылымдарының докторы, Ла Тробе университетінің (Австралия) фармацевтика және биоғылымдар кафедрасының профессоры С.Агатонович-Куштрин мен А.П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық хи-мия кафедрасының асс. профессоры, PhD В.Гегечкориден жан-жақты жауаптар алды.
А.П.Нелюбин атындағы Фармация институтының асс. профессоры, РһD Соловьева Н. кең спектрлі және қауіпсіз, перспективті табиғи шикізаттан дәрілік заттар жасаудың заманауи тәсілдері туралы айтты.
Академияның фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұжымы осындай қызықты және өзекті ақпарат үшін Сеченов университетінің онлайн мек-тебінің оқытушылары мен ұйымдастырушыларына шынайы алғысын білдіреді.

02.12.2021, 17:53
486 қаралым