Сеченов университетінде халықаралық олимпиадаға қатысу

Сеченов университеті, А.П. Нелюбин атындағы фармация Институты (Мәскеу, РФ) базасында өткен өндірістік тәжірибе бағдарламасы аясында ОҚМА фармация факультетінің 5 курс студенті Рустембекова Айдана (жетекшісі – профессор С.К. Ордабаева) студенттік олимпиадаға қатысты.

Сеченов университеті фармация Институты ұйымдастырған органикалық химиядан VII халықаралық олимпиадаға Мәскеу, Санкт-Петербург, Ярославль, Рязань, Волгоград, Витебск (Беларусь) және Шымкент (Қазақстан) жоғары оқу орындарынан 70 жуық студенттер қатысты.
Олимпиада бәсекелестік кезеңдерін өткізуде өзінің креативті, ерекше ықпалымен таңқалдырды. Органикалық химиядан білімдерін талап ететін есептерден басқа қатысушыларға логикалық ойлау, ситуациялық есептерді шешу тапсырмалары берілді және химия тарихы мен алдыңғы қатарлы жетістіктері туралы білімдерді талап ететін сұрақтар ұсынылды.

Олимпиада нәтижесінде Рустембекова Айдана жүлдегерлер қатарына ене отырып, берілген сұрақтар фармацевтикалық химия, токсикологиялық химия, фармакология, фармакогнозия және фармацевтикалық технология профильді пәндері бойынша интеграцияланған білімдерді талап ететінін атап өтті.
Фармация Институты директоры Г.В. Раменская Сеченов университеті олимпиада жүлдегерлерін қолдайтынын және олар Университеттің ғылыми жобаларына енуге мүмкіндік алып, жеке білім беру траекториясын таңдай алатындығын атап өтті. Талантты жастарды зерттеу жұмыстарына тарту «Приоритет 2030» стратегиялық академиялық көшбасшылық Бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі болса, Сеченов университеті осы бағдарламаның қатысушысы болып табылады.

27.06.2022, 14:06
456 қаралым