Сеченов университеті базасындағы өндірістік тәжірибе
Карантиндік шектеулерден кейін алғаш рет Академия студенттері серіктес жоғары оқу орындары базасында өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.
«Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесін фармация факультетінің 5 курс студенттері Рустембекова Айдана, Төреханова Камила, Жолдасбекова Меруерт, Усенов Бақытжан және Халнияз Жайберген Сеченов университеті А.П. Нелюбин атындағы фармация Институтының А.П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы базасында өтті (Мәскеу, РФ).
Өндірістік тәжірибенің практикалық блогы шеңберінде студенттер физикалық, химиялық және физико-химиялық әдістерді қолдана отырып, жеке және топтық тапсырмаларды орындады. Студенттерге комбинирленген дәрілік препараттардағы дәрілік заттарды идентификациялау, тазалығына талдау жүргізу және сандық анықтау әдістемелеріне олардың физика-химиялық қасиеттерін, бөлінудің мүмкін болатын әдістерін, олардың жалпы мөлшерін анықтауды ескере отырып, алдын-ала негіздеме жасау міндеті қойылды.
Дәрілік препараттарды сандық анықтауда титриметриялық және физика-химиялық әдістермен (поляриметрия, рефрактометрия, ФЭК) салыстырмалы талдау әдістері жүргізілді.
Практиканттар фармацевтикалық субстанциядағы тектес қоспаларға талдау, сонымен қатар Мәскеу денсаулық сақтау Департаменті «И.В. Давыдовский атындағы ҚКА» МБДСМ персональды медицина Орталығының фармакокинетика зертханасы базасында ЖҚХ және ЖЭСХ-МС/МС әдістерімен тұрақтылығына стресс-сынақ жүргізді.
Фармацевтикалық аналитика Орталығының сынақ зертханасы базасында (Сколтех, Сколково) ерудің салыстырмалы кинетикасына салыстырмалы тест УК-спектрофотометрия әдісімен дәрілік препараттардың in vitro биоэквиваленттілігін бағалау арқылы жүргізілді. Студенттер сонымен қатар, Орталықтың құрылымымен, практикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.
Бағдарламаның теориялық блогында «Биопрепараттарды стандарттау және сапасын бақылау», «Дәрілік препараттардың функционалды талдауы», «РФ территориясындағы тағамдағы ББҚ тіркеу жүйесі. Мәселелер және оны шешу жолдары», «Дәрілік препараттардың өмірлік цикліндегі салыстырмалы еру кинетикасы сынағы», «Заманауи кезеңдегі жедел улану ерекшеліктері», «Дәрілік заттар талдауындағы ЖЭСХ», «Сандық анықтаудың титриметриялық әдістері және оны дәрілік заттардың сапасын бақылауда қолдану. Әдістемелерді жасау ерекшеліктері», «РНҚ интерференциясының әсеріне негізделген дәрілік заттардың фармацевтикалық өңдеуі», «Ғылым мен бизнес интеграциясы: фармацевтикалық ЖОО бітірушілері – жас мамандарға мүмкіндік», «БИК-спектроскопия әдісі және оны дәрілік заттардың сапасын бақылауда қолдану» тақырыптары бойынша фармацевтикалық ғылым саласындағы Ресейдің алдыңғы қатарлы ғалымдары мен практикалық қызметкерлері мастер-кластар, тренингтер өткізді және дәрістер оқыды.
Практиканттар танысу бағдарламасы кезінде А.П. Нелюбин атындағы фармация Институтының ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысып, базалық және профильді кафедраларда, сонымен қатар Институттың «ФАРМА-ПРЕМИУМ» ғылыми-білім беру зерттеу орталығында болды.
Студент Рустембекова Айдана органикалық химия бойынша Бүкілресейлік олимпиадаға қатысып, нәтижесінде жеңімпаздардың бірі болып танылды.
Компьютерлік тестілеу, ситуациялық есептерді шешу және әңгімелесу түрінде өндірістік тәжірибе нәтижесін қорытындылау студенттердің фармацевтикалық химия пәнінен жақсы теориялық дайындықтарын, аналитикалық ойлау, эрудициясын, логикалық ойлау қабілеттерін және жұмыс нәтижесі бойынша тиісті қорытынды жасай білетіндерін, сонымен қатар дәрілік заттардың сапасын бақылау, командада жұмыс жасаудың коммуникативті дағдылары мен практикалық машықтарын меңгергенін көрсетті.
Мәдени бағдарлама да қызықты деңгейде өтті. Студенттер қазақтың ұлы ойшылы А.Құнанбаев және орыстың ұлы ақыны А.Пушкиннің ескерткіштеріне тағзым етті. Кремльдің съездер сарайында «Аққу көлі» балетіне, «Сфера» драматикалық театры қойылымы, Третьяков галереясы, космонавттар мұражайы, Сеченов университетіндегі медицина мұражайы және т.б. бару ұмытылмастай әсер қалдырды.
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы ұжымы және студенттері осындай зор мүмкіндік бергені үшін Академия басшылығына, сонымен бірге Сеченов университеті А.П. Нелюбин атындағы фармация Институты директоры, профессор Г.В.Раменскаяға табысты жұмыс жасаумен, жылы қабылдауы үшін алғыс білдіреді.