Сеченов университетіндегі халықаралық визитинг бағдарламасы

Біздің академияның фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы оқытушыларының визитингі И.М.Сеченов атындағы Бірінші МММУ (Сеченов университеті) А.П.Нелюбин атындағы фармация Институтының директоры, профессор Г.В.Раменскаяның шақыртуымен ұйымдастырылды.

Алдын-ала талқылану негізінде фармацевтикалық және токсикологиялық химия модульдері бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай академиялық ұтқырлық бағдарламасы жасалды.

Аталған бағдарламаға оқытушылардың А.П. Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының білім беру процесіне қатысуы, сонымен қатар, ҚР «Фармация», «Фармацевттік өндіріс технологиясы» БББ бойынша кредиттік оқыту технологиясы ерекшеліктері, белсенді оқыту әдістері және т.б. жөнінде мастер-кластар мен тренингтер өткізуі енгізілген.

Профессор С.К. Ордабаева 3-5 курс студенттеріне фармацевтикалық химия пәнінен дәріс сабақтарын жүргізді, онда ароматты және гетероциклді қатардың дәрілік заттарын талдау қарастырылды.

Зертхана-практикалық сабақтарда студенттермен дәрілік заттардың сапасын бақылау, дәрілік қосындылардың сапалық және сандық талдауы, аспаптық талдау әдістері, зертханалық тапсырмаларды талқылау, хаттамалар мен жұмыс дәптерлерін безендіру сұрақтары бойынша әңгімелесу жүргізілді. Сонымен бірге, сәйкес бөлімдер бойынша коллоквиум қабылдауға, студенттердің практикалық дағдыларын аттестациялауға қатысты.

Доцент Серикбаева А.Д. «ұшқыш», «металдық», «дәрілік» улардың, пестицидтердің химия-токсикологиялық талдауы, алкогольды мастану сараптамасы, «ұшқыш» улар талдауындағы газды хроматография тақырыптарында дәріс және зертхана-практикалық сабақтар жүргізіп, токсикологиялық химия бөлімдері бойынша практикалық дағдылар аттестациясын қабылдады.

«Биоаналитикалық химия және токсикология» пәнінен ғылымға бағытталған оқытуды қолдану тәжірибесі» тақырыбында, «Нақты ситуацияларды талдау» белсенді оқыту әдістері, «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия пәнін оқытудағы PBL және CBL әдістері», «Білім алушылардың практикалық дағдыларын ОҚТЕ технологиясымен аттестациялау» және басқа да белсенді әдістер бойынша оқытушыларға мастер-кластар мен тренингтер өткізілді.

«ҚР кредиттік оқыту жүйесінде білім беру процесін ұйымдастыру», «ҚР фармация бойынша кәсіби стандарттар», «Фармацевттік өндіріс технологиясы» БББ бойынша мамандар даярлау» тақырыптарында, сонымен қатар, бірлескен білім бағдарламасын жасау, элективті пәндер каталогы, альтернативті пәндер, оқытудың жеке траекториясын таңдау және т.б. дәрістер оқып, танысу экскурсын жүргізді. Кафедраның ғылыми бағыттары, магистрлік және докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілік жасау мүмкіндіктері туралы сұрақтар талқыланды.

Қорыта айтқанда, академиялық ұтқырлық білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір бағыты және білім беру саласында ғана емес, ғылыми-зерттеу аспектілерінде тәжірибе мен пікір алмасу мүмкіндіктері болып табылды.

15.12.2023, 15:10
475 қаралым