Сеченов Университеті студенттерінің өндірістік тәжірибесі
2024 жылдың 10-21 маусым аралығында Сеченов Университетінің «Фармация» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары ОҚМА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының базасында «Дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесінен өтті.
Өндірістік тәжірибе бағдарламасына сәйкес білім алушылар ҚР-да дәрілік заттардың сапасын бақылауды, стандарттауды, сараптаманы және тіркеуді регламенттейтін нормативтік құжаттарды зерделеді, олардың негізгілері дәрілік заттардың айналымы саласындағы ЕАЭО шешімдері, ЕАЭО фармакопеясы (Одақ фармакопеясы), ҚР Мемлекеттік фармакопеясы, ҚР ДСМ бұйрықтары және т.б. болып табылады.
Тәжірибе бағдарламасы физикалық, химиялық және физика-химиялық талдаудың жалпы фармакопеялық әдістері сияқты фармацевтикалық талдау бөлімдерінен тұрды. Білім алушылар ҚР МФ талаптарына сәйкес субстанцияларға, таблеткаларға, капсулаларға, инъекциялық ерітінділерге, жақпамайларға, суппозиторийлерге, өсімдік тектес препараттарға және т.б. толық фармакопеялық талдау жүргізді.
Химиялық талдау әдістеріне негізделген дәрілік заттардың сапалық және сандық талдауы жасалды. Атап айтқанда, титриметриялық әдістери – алкалиметрия, нитритометрия, йодометрия және т.б., балқу температурасы, рН, кептіргендегі масса шығыны және т.б. сияқты физикалық константалар анықталды.
Практиканттар физика-химиялық аспаптар мен жабдықтарда жұмыс істеудің тәжірибелік мүмкіндіктер мен дағдыларын бекітті. Биологиялық матрицадан оқшауланған дәрілік заттарға, барбитур қышқылының және 1,4-бензодиазепин туындыларына фармакопеялық талдау жүргізілді (оқшаулау, концентрлеу, идентификациялау және сандық анықтау әдістері).
Осылайша, дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау бойынша өндірістік тәжірибе студенттерге теориялық білімді тереңдетуге, физикалық, химиялық және физика-химиялық талдау әдістерін қолдана отырып, дәрілік заттарды фармацевтикалық талдау саласындағы тәжірибелік дағдыларды бекітуге мүмкіндік берді.
Өндірістік тәжірибеден өту кезінде білім алушылар фармацевтикалық химия бойынша жақсы теориялық дайындықты, аналитикалық ойлауды, тәжірибелік жұмыстағы жауапкершілік пен дәлдікті көрсетті, сонымен қатар, олар барлық сабақтарда қызығушылық танытты, ақылдылық пен логикалық ойлау қабілетін, жұмыс нәтижелері бойынша тиісті қорытынды жасай білетіндіктерін атап өткен жөн.
Мәдени бағдарлама мазмұнды болды, білім алушылар Оңтүстік Қазақстанның көрікті жерлерімен танысты. Студенттер Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, Асанбай Асқаров атындағы дендросаябаққа, Қасқасу шатқалындағы Академияның спорттық-сауықтыру лагеріне, Өзбекстан астанасы-Ташкент қаласына барды.
Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша білім алушыларға тәжірибе бағдарламасының тиісті деңгейде орындалғанын растайтын сертификаттар табыс етілді.
Кафедраның оқытушылар құрамы Академия басшылығына, сондай-ақ Сеченов университетінің басшылығына, әріптестері мен студенттеріне тәжірибе алмасуға және жас ұрпақтың дамуына үлес қосуға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді!