«Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні»

1712 1

2021 жылдың 31 мамыр күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, студенттік кәсіподақтың қолдауымен академия белсенді студенттері «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайына экскурсия жасап, аштық және қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішке барды.

1712 2

Аталған шараның мақсаты, Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру.

1712 3

Биыл жаппай саяси қуғын-сүргін жылдарының басталғанына – 84 жыл, Ұлы жұт (ашаршылық) зұлматына - 89 жыл толып отыр. Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін cаяси қуғын-сүргін құрбан¬да¬рын еске алу және есте сақтау қасиетті парыз.

1712 4

Академия студенттері мұражайда тарихымызбен, қаңқұйлы жылдардың болған оқиғасымен, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерімен, қазақ зиялыларының демократиялық мәндегі еңбектері мен ұлттың мәдени құндылықтарымен танысып, зұлмат заман жайында бейнеролик көрді. Мұражайдан шығып аштық және қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке барып гүл шоқтарын қойып, марқұм болған құрбандардың рухына құран бағыштап қайтты.

01.06.2021, 08:18
477 қаралым