Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
2022 жылдың 31 мамыр күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен, академия студенттері «31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне» орай аштық және қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішке барып кайтты.
Аталған шараның мақсаты, Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске алып, солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, сондай-ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру.
Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық" - деп атап өтті ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуінде.
Академия студенттері аштық және қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, марқұм болған құрбандардың рухына құран бағыштап қайтты.