Сарапшыларды оқыту
Оңтүстік Қазақстан медицина өкілдері Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚТА) ұйымдастырған «Сыртқы сараптамалық топты оқыту және есептер дайындау» атты халықаралық конференция жұмысына қатысты (15 қазан 2018 ж., Астана қ.).
Конференцияның бай бағдарламасы еуропалық сарапшылардың тәжірибесімен ұсынылды: «Өзін-өзі бағалау туралы есепті дайындау арқылы ішкі сапамен қамтамасыз етуден сыртқы сапамен қамтамасыз етуге өту: француз жоғары оқу орны тәжірибесі», «Испаниядағы докторантурада білім беру бағдарламасын ішкі сапамен қамтамасыз ету үлгісі», «Білім беру нәтижесін бағалау: сыртқы бағалау сарапшыларын шақыру».
Армения кәсіби білім беруді сапамен қамтамасыз ету бойынша ұлттық орталығының (ANQA) директоры Рубен Топчяннің «Сарапшыларды оқытудағы ANQA тәжірибесі» атты баяндамасы қатысушылардың арасында үлкен қызығушылық тудырды.