«Самарқанд 2020» II Халықаралық олимпиадасында ОҚМА-ның 5-курс студенті алыс және жақын 7 шетел мемлекеттері арасында екінші орынға ие болды

2021 жылғы 14-15 желтоқсанда Самарқанд медицина университеті Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Белоруссия және Түркияның медициналық жоғары оқу орындарының студенттерін қабылдады.
Олимпиадаға келген 300-ге жуық студент 30 пән бойынша бақ сынасты. Олар тест сынақтарынан өтіп, содан кейін көрнекі және тәжірибелік білімдерін көрсетуі керек еді.
Олимпиада орыс, өзбек және ағылшын тілдерінде өтті.
Қатысушылардың шығармашылық жобаларын қазылар алқасы бағалады, оның құрамына шет елдердің сарапшылары, профессорлары мен оқытушылары кірді.
Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының "Жалпы медицина" мамандығы бойынша 5-курс студенті Мирзатиллаев Хамидулла иеленді. Ғылыми жетекшісі: Есиркепов Марлен Махмудович, ОҚМА-ның бірінші проректоры.
Халықаралық олимпиадаға қатысқан студенттерге сертификаттар табысталды.
Олимпиада жұмысына Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқармасының басшысы Алихан Алтынханұлы Жақсылық қатысып, студенттер алдында сөз сөйледі.
Біз студент Хамидулла Мирзатиллаевты лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

23.12.2021, 16:34
436 қаралым