САМАРКАНД МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТ БАЗАСЫНДАҒЫ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ
2024 жылдың 25 наурызы мен 5 сәуірі аралығында профессор м.а. фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі Орынбасарова К.К. академиялық ұтқырлық шеңберінде Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің (СММУ, Самарқанд, ӨзбР) базасында болды.
Визитинг бағдарламасы фармацевтика факультетінің студенттерімен (дәріс, практикалық сабақтар) оқу процесіне қатысуды, оқытушылармен мастер-класс өткізуді, оқытудың белсенді әдістерін өткізуді, бірлескен білім беру бағдарламаларын талқылау мен жандандыруды, университеттің ғылыми және клиникалық орталықтарына баруды және т. б. қамтиды
Орынбасарова К.К. «Фармацевтикалық ботаника» пәні бойынша «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша 2 курс студенттеріне жоғары споралы өсімдіктер, вегетативті және генеративті өсімдіктердің мүшелерінің морфологиясы, Magnoliidae класының систематикасы тақырыптары бойынша және 3 курс студенттеріне арналған «Фармакогнозия» пәні бойынша құрамында флавонидтар, кумариндері, хромондары бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттарының жіктелуі, физика-химиялық қасиеттері, бөліп алу жолдары тақырыптары бойынша дәріс өткізді.
«Фармацевтикалық ботаника», «Фармакогнозия» пәндері бойынша зертханалық-практикалық сабақтарда студенттермен дәрілік өсімдіктердің систематикасы бойынша сұрақтарды әңгімелесуді; тамырлардың, жапырақтардың, гүлдердің, сабақтардың морфологиялық сипаттамасын; экстракциялау әдістерін; дәрілік өсімдік шикізатының сапасын бақылауды; дәрілік өсімдік шикізатының сапалық және сандық талдауын; аспаптық талдау әдістерін, зертханалық тапсырмаларды талқылауды қамтуды, хаттамалар мен жұмыс дәптерлерін ресімдеуді қарастырды. Сабақ барысында зертханалық жұмыстар атқарылды. Сабақтар оқытудың инновациялық технологияларын негізінде жоғары кәсіби деңгейде өткізілді.
30 наурызда дәрілік фитопрепараттар көрмесіне қатыстық. Көрмені қала әкімдігі, фармацевтикалық компанияның кәсіпкерлері және СММУ кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы ұйымдастырды. Көрме барысында фармация саласындағы ең өзекті мәселелер қаралды, сондай-ақ академиялық ұтқырлық саласында «Фармакогнозия», «Фармацевтикалық ботаника» өндірістік практикасын өткізу тәжірибесі мен пікір алмасылды.
СММУ ректоры, проф. Ж.А. Ризаевпен кездесу барысында студенттермен алмасу, өндірістік практика кезіндегі қарым-қатынас, оқытушылармен алмасу, магистранттардың тағылымдамадан өтуі, бірлескен ғылыми жобаларға, ғылыми-практикалық симпозиумдарға қатысу, екі жоғары оқу орнының жетекші ғалымдарының сапары, магистранттар мен докторанттарды басқару және т. б. мәселелер талқыланды.
2 сәуірде оқытушылар үшін «Оқыту нәтижелерін бақылау нысандары және оларды іске асыру», «Фармакогнозияны оқытудағы PBL және CBL әдістері», «Жобаға бағдарланған оқыту», «Оқушылардың практикалық дағдыларын ОСПЭ технологияларымен аттестаттау» және басқа да белсенді әдістер бойынша мастер-кластар мен тренингтер өткізілді. Бірлескен кафедралардың ғылыми бағыттарының мәселелері, магистрлік және докторлық диссертацияларға ғылыми кеңес беру мүмкіндігі талқыланды.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 3 сәуірде PhD Базарова Нигина Собиржановнамен бірлесіп отырып дәріс өткізді. «Фармацевтикалық нарықта алкалоидтарды сату және олардың өндіріс технологиясының ерекшеліктері» тақырыбында бинарлы дәріс оқылды.
Бинарлы дәріс заманауи білім берудің кәсіби-құзыреттілік тәсілін сәтті жүзеге асыратын пәнаралық интеграциялаудың ең тиімді әдісі. Сонымен қатар, дәрістің ұсынылған түрі бір уақытта бірнеше пәндер бойынша ақпарат алуды жеңілтедті, олардың дамуы студенттерде болашақ көп қырлы, өзара байланысты және өзара тәуелді кәсіби қызметтің тұтас бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, пәнаралық интеграция элементтері бар бинарлы дәріс фармацевттің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда жақсы нәтиже алуға түрткі болды. Бинарлы дәріс студентке тақырыпты бір қырынан емес жан-жақтан қарастыруға, қазіргі нарық заманда теорияны кәсіби қызметте қолдану қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Дәріс барысында алынған білімді бекіту және қалыптасқан білімді өзектендіру үшін студенттермен кері байланыс орнатылды. Қойылған сұрақтарға толық жауап алған студенттер ризашылықтарын білдіріп, оң пікірлерін білдірді.
Сапар соңында Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің фармакогнозия және фармацевтикалық технология кафедрасының ПОҚ жоғары оқу орындарының арасындағы ынтымақтастығы негізінде оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасының одан әрі дамуына тілектес екенін білдірді.
СГМУ басшылығы, фармакогнозия және фармацевтикалық технология кафедрасының ұжымы және білім алушылар тарапынан профессор м.а. Орынбасарова К.К. атқарған жұмыстарына жоғары баға мен алғыс берді.