Самарқанд мемлекеттік медицина институты (Өзбекстан, СамМИ) мен Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы (Қазақстан, ОҚМА) арасындағы серіктестік

Самарқанд мемелекеттік медицина институты (Өзбекстан, СамМИ) және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (Қазақстан, ОҚМА) арасында келісім шарт негізінде 16.11.2020ж. – 28.12.2020ж. аралығында академиялық ұтқырлық шеңберінде СамМИ студенттеріне дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өтілді.

1620 1

«Биологиялық химия» пәнінен (модуль 1) 2 курс медициналық педагогика пәнінің студенттеріне дәрістер оқылды. «Ақуыздардың матрицалық синтезі» тақырыбынан дәрісті кафедра меңгерушісі, профессор Есиркепов Марлен Махмұдұлы, «Ақуыздар алмасуы» тақырыбына дәрісті кафедраның профессор м.а. Аблаева З.Ю. оқыды.

1620 2

«Биологиялық химия» пәнінен «Ақуыздар алмасуы» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақтар медициналық педагогика факультетінің 2 курс 211 тобының студенттеріне өтілді (модуль 1). Бұл сабақтарды оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, профессор Кенжебеков П.К., профессор м.а. Аблаева З.Ю., аға оқытушылар Ордабекова А.Б., Асилбекова Г.К., оқытушы Бейсебаева Л.М. өткізді.

1620 3

Халиков Каххор Мирзаұлы басқаратын СамМИ биологиялық химия кафедрасының әріптестері және студенттер өтілген дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға үлкен қызығушылық танытты және аса көп көңіл бөлді. Сабақтың уақытылы басталуы мен ұйымдастыруы бойынша СамМИ биологиялық химия кафедрасының ассистенті Ким Оксана Владиславқызының еңбегі ерекше.

СамМИ және ОҚМА кафедраларының арасында академиялық ұтқырлық шеңберінде ынтымақтастық жалғасады деп жоспарлануда.

29.12.2020, 01:43
403 қаралым